Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 5 ноября 2021 года № 11-9 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе имени Габита Мусрепова»

Өзге акт · № 23-3 · қабылданған 24.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2021-no-11-9-ekb-178242/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 5 ноября 2021 года № 11-9 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе имени Габита Мусрепова» Қолданыста Өзге акт ·№ 23-3 ·24.11.2022
24.11.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 5 ноября 2021 года № 11-9 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе имени Габита Мусрепова»

Қолданыста Өзге акт ·№ 23-3 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 5 ноября 2021 года № 11-9 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе имени Габита Мусрепова»
Атауы (қаз.)
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 11-9 «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23-3
Қабылданған күні
24.11.2022
Көрсетілген редакция
24.11.2022 178242_616043.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22SE030810
ЭКБ идентификаторы
178242
Редакция идентификаторы
178242_616043
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:44

0 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының

2021 жылғы 5 қарашадағы № 11-9 «Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданда мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту
жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын
өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 5 қарашадағы № 11-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25185 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихаты 2022 жылғы
24 қарашадағы № 23-3
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының
2021 жылғы 5 қарашадағы
№ 11-9 шешіміне қосымша
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектігі бар балалар
қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша
үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу
тәртібі мен мөлшері

1

1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6 6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандастармен қандас куәлігі ұсынылады.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы