Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 мая 2021 года № 204 «Об утверждении Правил проведения мониторинга образовательных достижений обучающихся»

Бұйрық · № 184 · қабылданған 18.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2021-no-204/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 мая 2021 года № 204 «Об утверждении Правил проведения мониторинга образовательных достижений обучающихся» Қолданыста Бұйрық ·№ 184 ·18.08.2025
18.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 мая 2021 года № 204 «Об утверждении Правил проведения мониторинга образовательных достижений обучающихся»

Қолданыста Бұйрық ·№ 184 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 мая 2021 года № 204 «Об утверждении Правил проведения мониторинга образовательных достижений обучающихся»
Атауы (қаз.)
«Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
184
Қабылданған күні
18.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.09.2025
Көрсетілген редакция
18.08.2025 213364_771120.kaz
Соңғы өзгеріс
18.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036624
ЭКБ идентификаторы
213364
Редакция идентификаторы
213364_771120
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:44

0 «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы
№ 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22711 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларында:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. ББЖМ жүргізілетін орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды. Білім беру ұйымдары мынадай параметрлер бойынша іріктеледі:
– аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);
– жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);
– меншік нысаны (мемлекеттік, жекеменшік);
– оқыту тілі (қазақ/орыс);
– білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).
Жыл сайын білім беру ұйымдарының бұл санынан өткен оқу жылында ББЖМ-ға қатысқан ұйымдар алынып тасталады.
Білім беру ұйымдарын іріктеу оларды кездейсоқ іріктеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қалыптырыстылған жұмыс тізімін жүктеу нәтижесінде жүзеге асырылады.»;
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының (бұдан әрі – білім басқармалары) ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.»;
26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«26. ББЖМ нәтижелері ол аяқталған күннен кейін үш ай ішінде білім беру ұйымдарының назарына жеткізу үшін білім басқармаларына жіберіледі және құқықтық салдары болмайды.»;
28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«28. ББЖМ нәтижелері бойынша уәкілетті орган білім басқармаларына ол аяқталған күннен кейін алты ай ішінде ББЖМ нәтижелерінің кешенді талдауын, «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған әдістемелік ұсынымдарды жолдайды.
Білім басқармалары әдістемелік ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітеді және оны Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей жібереді.
Аумақтық департаменттер білім басқармаларының Іс-шаралар жоспарын орындауына мониторингті жүзеге асырады және ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару актісі

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 18 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
1-қосымша
Білім алушылардың білім
жетістіктеріне мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару актісі
Білім беру ұйымы _____________ _____________________________________
(код) (атауы)
___________________________________________________________________
« ____ » _______________ 20 ___ жыл ____ сағат ____ минут
Министрліктің уәкілетті өкілі__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Тестілеу уақытында № _____ аудиторияның № _____ орнында отырған
№ ____ нұсқа бойынша тестіленуші, жеке коды _____ ____________________________
(тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларының
20-тармағы бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(табылған заттың атауы (маркасы, саны))
Аталған фактіні ескере отырып, мынадай шешім қабылданды:
тестіленуші, жеке коды ____ ___________________________________________
(тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
№ ____ аудиториядан шығарылсын және оның тестілеу нәтижелері жойылсын.
Актімен танысты:
___________________________________________________________________
(тестіленушінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
___________________________________________________________________
(Министрліктің уәкілетті өкілінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

2 Тестілеуге кіргізу немесе тестілеу барысында бөгде адамның анықталу актісі

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 18 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
2-қосымша
Білім алушылардың
білім жетістіктеріне мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Тестілеуге кіргізу немесе тестілеу барысында бөгде адамның анықталу актісі
Білім беру ұйымы ____________ ______________________________________
(код) (атауы)
___________________________________________________________________
« ____ » _____________ 20 ____ жыл ____ сағат ____ минут
Министрліктің уәкілетті өкілі _________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Тестіленуші, жеке коды ____ __________________________________________
(тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
орнына білім беру ұйымының ғимаратына тестілеу тапсыру үшін бөгде
адам ____________________________________ кіру әрекеті фактісі анықталды.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Аталған фактіні ескере отырып, мынадай шешім қабылданды:
_______________________________ білім беру ұйымының ғимаратына тестілеу
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
тапсыруға жіберілмесін/№ _____ аудиториядан шығарылсын (қажеттісін сызу)
және тестіленуші, жеке коды _____ _____________________________________
(тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
тестілеу нәтижелері жойылсын.
Актімен танысты:
___________________________________________________________________
(тестіленушінің/бөгде адамның қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
___________________________________________________________________
(Министрліктің уәкілетті өкілінің қолы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

Қолданыстағы