Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 октября 2021 года № 290 «Об утверждении Правил и норматива формирования, использования и списания республиканского запаса ветеринарных препаратов»

Бұйрық · № 177 · қабылданған 24.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2021-no-290/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 октября 2021 года № 290 «Об утверждении Правил и норматива формирования, использования и списания республиканского запаса ветеринарных препаратов» Қолданыста Бұйрық ·№ 177 ·24.05.2024
24.05.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 октября 2021 года № 290 «Об утверждении Правил и норматива формирования, использования и списания республиканского запаса ветеринарных препаратов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 177 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 октября 2021 года № 290 «Об утверждении Правил и норматива формирования, использования и списания республиканского запаса ветеринарных препаратов»
Атауы (қаз.)
«Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
177
Қабылданған күні
24.05.2024
Көрсетілген редакция
24.05.2024 197154_702064.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034426
ЭКБ идентификаторы
197154
Редакция идентификаторы
197154_702064
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:23

0 «Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24696 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативінде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ветеринариялық препараттарды республикалық қордан бөлу туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ветеринариялық препараттарды пайдалану кезінде республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын сақтай отырып, ветеринариялық препараттарды республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы