О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 октября 2021 года № 290 «Об утверждении Правил и норматива формирования, использования и списания республиканского запаса ветеринарных препаратов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 5 октября 2021 года № 290 «Об утверждении Правил и норматива формирования, использования и списания республиканского запаса ветеринарных препаратов»
- Атауы (қаз.)
- «Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 177
- Қабылданған күні
- 24.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2024 197154_702064.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034426
- ЭКБ идентификаторы
- 197154
- Редакция идентификаторы
- 197154_702064
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:23
0 «Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24696 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару қағидалары мен нормативінде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ветеринариялық препараттарды республикалық қордан бөлу туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ветеринариялық препараттарды пайдалану кезінде республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын сақтай отырып, ветеринариялық препараттарды республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі