О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № 524 «Об утверждении Правил обеспечения служебным жилищем сотрудников органов внутренних дел, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение жилищных выплат»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № 524 «Об утверждении Правил обеспечения служебным жилищем сотрудников органов внутренних дел, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение жилищных выплат»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 798
- Қабылданған күні
- 27.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2026 201054_825877.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000798
- ЭКБ идентификаторы
- 201054
- Редакция идентификаторы
- 201054_825877
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:29
0
«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Жедел басқарма
бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кезекші бөлім
бастық;
аға инспектор-кезекші;
инспектор-кезекші;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.
Режим, қадағалау және күзет басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман;
аға инспектор, инспектор.
Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
бас маман;
бас маман-психолог;
аға инспектор;
инспектор, инспектор-психолог.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кадр саясаты басқармасы
кәсіптік даярлық тобының бас маманы;
кәсіптік даярлық тобының аға инспекторы.
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру басқармасы
бастық;
бастықтың орынбасары;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Тергеу изоляторлары бөлімі (бөлімшесі, тобы)
бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Арнайы есепке алу бөлімі
бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Медициналық қамтамасыз ету бөлімі
бөлім бастығы-дәрігер;
бас маман-дәрігер;
бас маман-мемлекеттік санитариялық дәрігер;
аға инспектор-дәрігер;
инспектор-дәрігер.».