О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № 524 «Об утверждении Правил обеспечения служебным жилищем сотрудников органов внутренних дел, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение жилищных выплат»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № 524 «Об утверждении Правил обеспечения служебным жилищем сотрудников органов внутренних дел, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, а также категорий должностей сотрудников органов внутренних дел, имеющих право на получение жилищных выплат»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 482
- Қабылданған күні
- 27.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2026 211737_825873.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000482
- ЭКБ идентификаторы
- 211737
- Редакция идентификаторы
- 211737_825873
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:39
0
«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
1-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Криминалдық полиция департаменті, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Арнайы күштер және жедел басқару департаменті, Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент, «Интерпол» ұлттық орталық бюросы:»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«департамент бастығының орынбасары (арнайы және кәсіби даярлыққа жетекшілік ететін);»;
мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«инспектор;»;
он жетінші және он сегізінші абзацтар алып тасталсын;
отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші және отыз тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«ұйымдастыру жұмысын және кадрлық жоспарлауды;
қызмет өткеруді ұйымдастыруды;
ұйымдастыру-штаттық жұмысты;
ведомстволық білім беруді ұйымдастыруды;»;
қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«идеологиялық жұмысты ұйымдастыруды;»;
қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«психологиялық жұмысты ұйымдастыруды;»;
қырық үшінші абзац алып тасталсын;
2-тармақта:
отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма:»;
елу үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»
елу төртінші және елу бесінші абзацтар алып тасталсын;
елу жетінші және елу сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«аға инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер;
инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер.»;
3-тармақта:
алпыс жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім (бөлімше, топ):»;
бір жүз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»;
бір жүз оныншы, бір жүз он бірінші, бір жүз он екінші, бір жүз он үшінші, бір жүз он төртінші және бір жүз он бесінші абзацтар алып тасталсын;
бір жүз он жетінші, бір жүз он сегізінші және бір жүз он тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;
бір жүз қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім (бөлімше, топ):»;
бір жүз алпыс бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»;
бір жүз алпыс алтыншы, бір жүз алпыс жетінші, бір жүз алпыс сегізінші, бір жүз алпыс тоғызыншы және бір жүз жетпісінші абзацтар алып тасталсын;
бір жүз жетпіс екінші, бір жүз жетпіс үшінші және бір жүз жетпіс төртінші абзацтар алып тасталсын;
4-тармақта:
жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік, арнайы және кәсіби даярлық қызметтері:»;
мынадай мазмұндағы отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«барлық атаудағы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор.»;
елуінші, елу бірінші және елу екінші абзацтар алып тасталсын;
сексен бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жедел басқару орталығы:»;
сексен төртінші абзац алып тасталсын;
сексен жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«барлық атаудағы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;»;
тоқсан бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бас маман;»;
мынадай мазмұндағы тоқсан екінші, тоқсан үшінші және тоқсан төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«аға инженер;
инженер;
техник.»;
тоқсан екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармалары (бөлімдері), полиция бөлімдері (бөлімшелері), криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері:»;
мынадай мазмұндағы бір жүз он алтыншы, бір жүз он жетінші және бір жүз он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«бас маман;
аға инженер;
инженер;»;
бір жүз тоқсан бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»;
бір жүз тоқсан алтыншы абзац алып тасталсын;
бір жүз тоқсан жетінші, бір жүз тоқсан сегізінші және бір жүз тоқсан тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«бас маман – мемлекеттік санитариялық дәрігер;
аға инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер;
инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер.».