Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-75 «Об утверждении Перечня лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан с определенными заболеваниями (состояниями)»

Бұйрық · № 71 · қабылданған 05.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2021-no-75-ekb-200420/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-75 «Об утверждении Перечня лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан с определенными заболеваниями (состояниями)» Қолданыста Бұйрық ·№ 71 ·05.09.2024
05.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-75 «Об утверждении Перечня лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан с определенными заболеваниями (состояниями)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 71 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ-75 «Об утверждении Перечня лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан с определенными заболеваниями (состояниями)»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
71
Қабылданған күні
05.09.2024
Көрсетілген редакция
05.09.2024 200420_718414.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035038
ЭКБ идентификаторы
200420
Редакция идентификаторы
200420_718414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:47

0

«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23885 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосымша мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
«Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымшада:
«Дәрілік заттардың (дәрілік нысан) немесе медициналық бұйымдардың немесе арнайы емдік өнімдердің атауы» және «Анатомиялық-терапиялық-химиялық (АТХ) сыныптама коды» деген бағандарда:
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар» деген 1-бөлімде:
4-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Гидрохлоротиазид, таблетка» - C03AA03, «Эналаприл, таблетка» - C09AA02, «Вальсартан, таблетка» - C09CA03»;
8-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Вилантерол және Умклидиния бромиді, ингаляцияға арналған ұнтақ» - R03AL03»;
20-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Құрамында жоғары Виллебранд факторымен комбинацияда қанның ұю факторы, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат/вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат-B02BD06»;
42-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Фенобарбитал, таблетка» - N03AA02, «Руфинамид, таблетка» - N03AF03»;
43-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Метилпреднизолон, таблетка» - H02AB04, «Преднизолон, таблетка» - H02AB06, «Азатиоприн, таблетка» - L04AX01, «Циклоспорин, капсула» - L04AD01»;
46-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Арипипразол, таблетка» - N05AX12, «Карипразин, капсула» - N05AX15»;
52-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Вориконазол, таблетка» - J02AC03»;
«Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар» деген 3-бөлімде:
1-1-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Гидрохлоротиазид, таблетка» - C03AA03, «Нифедипин, таблетка» - C08CA05»;
1-2-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Пропранолол, таблетка» - C07AA05»;
28-жол алып тасталсын;
«18 жасқа дейінгі балалар үшін амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер» деген 4-бөлімде:
1-1-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Гидрохлоротиазид, таблетка» - C03AA03, «Нифедипин, таблетка»-C08CA05»;
«Дәрілік заттардың (дәрілік нысан) немесе медициналық бұйымдардың немесе арнайы емдік өнімдердің атауы» және «Анатомиялық-терапиялық-химиялық (АТХ) сыныптама коды» деген бағандарда:
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар» деген 1-бөлімде:
4-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Фуросемид, таблетка»-C03CA01, «Ивабрадин, таблетка»-C01EB17»;
8-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Олодатерол және Тиотропия бромиді, ингаляцияға арналған ерітінді» -R03АL06»;
13-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Софосбувир, таблетка» -J05AP08/J05AX15»;
22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
22
E10-Е11
Қант диабеті
Динамикалық байқаудағы барлық санаттар
2 типті қант диабетінің барлық кезеңдері мен дәрежелері. Асқынусыз терапияны таңдауды ЖПД дәрігері және/немесе эндокринолог негіздейді, диабеттің қалыптасуымен және өмір салтын өзгертумен кешенде гликирленген гемоглобиннің мақсатты деңгейіне қол жеткізу
Метформин, таблетка
A10BA02
Динамикалық байқаудағы ересектер
Гликлазид, таблетка
A10BB09
Глимепирид, таблетка
A10BB12
Линаглиптин, таблетка
A10BH05
Репаглинид, таблетка
A10BX02
Вилдаглиптин, таблетка
A10BH02
2 типті қант диабетінің барлық кезеңдері мен дәрежелері. Семіздік және жүрек-тамыр асқынуларының қауіп факторлары болған кезде (қосымша терапия) эндокринологтың тағайындауы бойынша.
Лираглутид, тері астына енгізуге арналған ерітінді
A10BJ02
Дулаглутид, тері астына енгізуге арналған ерітінді
A10BJ05
Дапаглифлозин, таблетка
A10BK01
Канаглифлозин, таблетка
A10BK02
Эмпаглифлозин, таблетка
A10BK03
Динамикалық байқаудағы барлық санаттар
I және II типті қант диабетінің барлық сатылары мен дәрежелері
Лизпро инсулині, инъекцияға арналған ерітінді
A10AB04
Аспарт инсулині, инъекцияға арналған ерітінді
A10AB05
Глулизин инсулині, инъекцияға арналған ерітінді
A10AB06
Адамнан алынған еритін гендік-инженерлік инсулин, инъекцияға арналған ерітінді
A10AB01
Адамнан алынған, тәулік бойы әсер ететін (орташа) гендік-инженерлік инсулин изофан, суспензия
A10AC01
Адамнан алынған екі фазалы гендік-инженерлік инсулин, суспензия
A10AD01
Орташа ұзақтығы бар инсулинмен біріктірілген екі фазалы лизпро инсулині (әсер етуі қысқа және орташа, ұзақтығы бар инсулин аналогтарының қоспасы), суспензия
A10AD04
Орташа ұзақтығы бар инсулинмен біріктірілген екі фазалы аспарт инсулині (әсер етуі қысқа және орташа ұзақтығы бар инсулин аналогтарының қоспасы), суспензия
A10AD05
Гларгин инсулині, инъекцияға арналған ерітінді
A10AE04
Детемир инсулині, инъекцияға арналған ерітінді
A10AE05
Жүкті әйелдер мен жасөспірім балалар
Деглудек инсулині, инъекцияға арналған ерітінді
A10AE06
Динамикалық байқаудағы балалар
Инсулин инъекциясынан кейін ауыр гипогликемиялық жай-күйі
Глюкагон, ерітіндімен жиынтықта инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат
H04AA01
»;
42-жолда дәрiлiк заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Прегабалин, капсулалар» - N03AX16»;
46-жолда дәрiлiк заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Амисульприд, таблетка, ішке қабылдауға арналған ерітінді -N05AL05»;
48-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Эмтрицитабин, Тенофовира дисопроксил және Эфавиренц, таблетка»-J05AR06, «Эмтритабин, Тенофововира дисопроксил және Рильпивирин, таблетка» -J05AR08»;
51-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Прегабалин, капсула» - N03AX16»;
52-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Валганцикловир, таблетка» - J05AB14, «Эверолимус, таблетка» - L01XE10»;
«Ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар» деген 3-бөлімде:
1-1-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Карведилол, таблетка» - C07AG02, «диуретиктармен біріктірілген Периндоприл, таблетка» - C09BA04»;
27-жол алып тасталсын;
29-жол алып тасталсын;
«18 жасқа дейінгі балаларға арналған амбулаториялық деңгейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік өнімдер» деген 4-бөлімде:
1-1-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Карведилол, таблетка» - C07AG02, «диуретиктармен біріктірілген Периндоприл, таблетка» - C09BA04»;
19-1-жол алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма екінші абзацынан бастап отыз сегізінші абзацты қоспағанда, алғашқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы