О внесении изменений в решение Жанааркинского районного маслихата от 5 апреля 2022 года № 21/139 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Жанаарка Жанааркинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жанааркинского районного маслихата от 5 апреля 2022 года № 21/139 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Жанаарка Жанааркинского района»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа ауданының мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 21/139 «Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27/184
- Қабылданған күні
- 26.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 19.10.2023 170248_661411.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22HD27184M
- ЭКБ идентификаторы
- 170248
- Редакция идентификаторы
- 170248_661411
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:53
0 Жаңаарқа ауданының мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі №21/139 «Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі №21/139 «Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Жаңаарқа ауданның Жаңаарқа кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасында:
2 тараудағы 3, 7, 8, 10 тармақтары келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің аумағы учаскелерге бөлінеді.
7. Кент шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Жаңаарқа кентінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті кенттің оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы кентте тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаарқа ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.».