О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 27.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2024 198247_708896.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034633
- ЭКБ идентификаторы
- 198247
- Редакция идентификаторы
- 198247_708896
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:50
0 «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктер учаскелері (бұдан әрі – учаскелер) туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға бес жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға және бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға беріледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Бұл учаскелерді беру осы Қағидаларға сәйкес ұлттық паркпен тікелей жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді пайдалануға ұлттық парктің учаскелері рекреациялық орталықтарды, қонақүйлерді, музейлерді және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн орналастыруға беріледі.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға беріледі. Бұл учаскелерді беру осы Қағидаларға сәйкес ұлттық паркпен тікелей жүзеге асырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі