О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 230
- Қабылданған күні
- 01.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.10.2024 201268_722276.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035199
- ЭКБ идентификаторы
- 201268
- Редакция идентификаторы
- 201268_722276
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:23
0 «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Туристік соқпақты, маршрутты жобалау ол өтетін аумаққа зерттеу жүргізуді көздейді және ол:
1) қыстақтардың, бивак аялдамаларының (алаңқайларының), көлiкке арналған тұрақтардың, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтардың, кемпингтердiң, шатырлы лагерьлердiң, тамашалау алаңдарының, суретке түсiру және қоғамдық тамақтандыру пункттерінің, туристiк мүкәммалдың, құрал-саймандардың және көлiк құралдарының қажеттi мөлшерiнiң есеп-қисабын;
2) туризм бойынша нұсқаушыларға, экскурсоводқа, гидқа қажеттiлiктi айқындауды және оларды даярлауды ұйымдастыруды, маршрут сипатталған жарнамалық-ақпараттық материалдар әзірлеуді;
3) рекреациялық жүктеменiң есеп-қисабын қамтиды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі