О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 73 «Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 201
- Қабылданған күні
- 09.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2026 I229948_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039865
- ЭКБ идентификаторы
- 229948
- Редакция идентификаторы
- I229948_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 15.09.2026 03:30
0 «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27066 болып тіркелген) сәйкес мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Ұлттық парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Бұл учаскелерді беруді осы Қағидаларға сәйкес тікелей Ұлттық парк жүзеге асырады.
Ұлттық парктің учаскелері танытым орталықтарын, рекреациялық орталықтарды, қонақүйлерді, музейлерді және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктер учаскелері (бұдан әрі – учаскелер) туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға және бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға беріледі.
Балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыру уақытша құрылыстарды пайдалана отырып, күрделі құрылыссыз жүзеге асырылады.».
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі