О внесении изменения и дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 86 «Об утверждении Правил отнесения видов экономической деятельности к классам профессионального риска»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 86 «Об утверждении Правил отнесения видов экономической деятельности к классам профессионального риска»
- Атауы (қаз.)
- «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 268
- Қабылданған күні
- 29.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2023 183570_641132.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033012
- ЭКБ идентификаторы
- 183570
- Редакция идентификаторы
- 183570_641132
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:09
0 «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27085 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларында:
«Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу» қосымшасында:
Кәсіптік тәуекелдің 1-сыныбы келесі редакцияда жазылсын:
«Кәсіптік тәуекелдің 1-сыныбы
60xxx Бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау жөніндегі қызмет
62xxx Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер
65xxx Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру
66xxx Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет
69xxx Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет
72xxx Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер (72199 қоспағанда)
84300 Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет
73xxx Жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу
97ххх Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі
98xxx Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді көрсету өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі
99ххх Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі»;
Кәсіптік тәуекелдің 3-сыныбында:
алтыншы абзац келесі редакцияда жазылсын:
«84xxx Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (84230, 84250, 84300 қоспағанда)».
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі