Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 86 «Об утверждении Правил отнесения видов экономической деятельности к классам профессионального риска»

Бұйрық · № 248 · қабылданған 11.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2022-no-86/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 86 «Об утверждении Правил отнесения видов экономической деятельности к классам профессионального риска» Қолданыста Бұйрық ·№ 248 ·11.07.2024
11.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 86 «Об утверждении Правил отнесения видов экономической деятельности к классам профессионального риска»

Қолданыста Бұйрық ·№ 248 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 марта 2022 года № 86 «Об утверждении Правил отнесения видов экономической деятельности к классам профессионального риска»
Атауы (қаз.)
«Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
248
Қабылданған күні
11.07.2024
Көрсетілген редакция
11.07.2024 198721_710059.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034733
ЭКБ идентификаторы
198721
Редакция идентификаторы
198721_710059
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:36

0 «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27085 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларында:
«Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу» қосымшасында:
Кәсіптік тәуекелдің 2-сыныбында:
он бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«88xxx Тұруды қамтамасыз етусіз халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет»;
Кәсіптік тәуекелдің 3-сыныбында:
жетінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«86xxx Денсаулық сақтау саласындағы қызмет (86101, 86210, 86901, 86909 қоспағанда)»
Кәсіптік тәуекелдің 4-сыныбы келесі редакцияда жазылсын:
«Кәсіптік тәуекелдің 4-сыныбы
02ххх Орман шаруашылығы және ағаш дайындау
03xxx Балық аулау және балық өсіру
46xxx Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, көтерме саудада сату
47xxx Автомобильдер мен мотоциклдерді сатудан басқа, бөлшек саудада сату
59xxx Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, дыбыс жазбалар және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет
61xxx Телекоммуникациялар
68xxx Жылжымайтын мүлікпен операциялар
78xxx Жұмысқа орналастыру саласындағы қызмет
86210 Жалпы дәрігерлік практика
86901 Сот-медициналық сараптамалар мен зерттеулерді жүргізу жөніндегі қызмет
86909 Денсаулық сақтау саласындағы басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де қызмет
87xxx Тұруды қамтамасыз ете отырып, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет»;
Кәсіптік тәуекелдің 14-сыныбында:
алтыншы абзац келесі редакцияда жазылсын:
«36ххх Суды жинау, тазарту және бөлу»;
Кәсіптік тәуекелдің 15-сыныбында:
бесінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«35303 Жылу энергиясын беру және тарату».

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі

Қолданыстағы