О внесении изменений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 5 октября 2023 года № 366-НҚ «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан, уязвимых в террористическом отношении, и объектов внутренней торговли, уязвимых в террористическом отношении»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 5 октября 2023 года № 366-НҚ «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан, уязвимых в террористическом отношении, и объектов внутренней торговли, уязвимых в террористическом отношении»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және ішкі сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 366-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 291-НҚ
- Қабылданған күні
- 29.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2024 199250_713909.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034834
- ЭКБ идентификаторы
- 199250
- Редакция идентификаторы
- 199250_713909
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:20
0
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және ішкі сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 366-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және ішкі сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 366-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33534 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
тақырып келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық»;
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық), «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға (бұдан әрі-Талаптар) сәйкес әзірленді.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;»;
13-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілеріне және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесі осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген.»;
103-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1-қосымшаның тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілеріне және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесі».