О внесении изменений в решение Жамбылского областного маслихата от 5 октября 2023 года № 7-7 «Об утверждении Типовых правил создания, содержания и охраны зеленых насаждений в городах и населенных пунктах Жамбылской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жамбылского областного маслихата от 5 октября 2023 года № 7-7 «Об утверждении Типовых правил создания, содержания и охраны зеленых насаждений в городах и населенных пунктах Жамбылской области»
- Атауы (қаз.)
- «Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 7-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 35-6
- Қабылданған күні
- 30.07.2026
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2026 I228542_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26G000356M
- ЭКБ идентификаторы
- 228542
- Редакция идентификаторы
- I228542_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 08.08.2026 03:31
0 «Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы №7-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы №7-7 «Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік Қағидаларындағы:
39, 58 және 59 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»;
«58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»;
«59. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.».