О внесении изменения в решение Коргалжынского районного маслихата от 5 декабря 2023 года № 7/9 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Коргалжынского районного маслихата от 5 декабря 2023 года № 7/9 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе»
- Атауы (қаз.)
- «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қорғалжын аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 7/9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7/17
- Қабылданған күні
- 24.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2024 197297_702030.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24BO876503
- ЭКБ идентификаторы
- 197297
- Редакция идентификаторы
- 197297_702030
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:24
0 «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қорғалжын аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 7/9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 7/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8666-03 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».