О внесении изменений и дополнения в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 5 августа 2024 года № 129-НҚ «Об утверждении Положения о Комитете водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 5 августа 2024 года № 129-НҚ «Об утверждении Положения о Комитете водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2024 жылғы 5 тамыздағы № 129-НҚ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 274-НҚ
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 I229874_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26MA000274
- ЭКБ идентификаторы
- 229874
- Редакция идентификаторы
- I229874_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:03
0 «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» 2024 жылғы 5 тамыздағы № 129-НҚ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 129-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.»;
9-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитет өкілеттіктері болып табылмайтын міндеттерді Комитет орындау тұрғысынан шарттық қарым- қатынасқа түсуіне тыйым салынады.
Егер Комитет заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Комитеттің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері»;
13- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мақсаты - су шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, реттеуші және іске асыру функцияларын орындау мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Комитеттің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасауға;
Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
Комитет реттейтін қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
сотқа жүгінуге;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға, оның ішінде:
заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысуға;
жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарауға;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдауға және қарауға;
өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдауды және анықтауды жүзеге асыруға;
осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындауға.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу тәртібін әзірлеуге қатысады;
2) ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың үлгілік қағидаларын әзірлеуге қатысады;
3) су қорын қорғау және пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру салаларында жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
4) су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
5) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын әзірлеуге қатысады;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі, өкілеттіктері»;
19-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Комитет төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғалармен, сондай-ақ еңбек шарты негізінде Комитетте қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды жұмысқа қабылдайды және еңбек шарттарын тоқтатады;
4) Комитет төрағасының орынбасарларының және Комитеттің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;»;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Комитет төрағасының орынбасарларына және Комитеттің мемлекеттік қызметшілеріне, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғаларға, сондай-ақ еңбек шарты негізінде Комитетте қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға тәртіптік жаза қолданады;
8) Комитет төрағасының орынбасарлары мен Комитеттің мемлекеттік қызметшілері, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғаларды, сондай-ақ еңбек шарты негізінде Комитетте қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.».
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;