О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 5 апреля 2024 года № 177 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мугалжарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 5 апреля 2024 года № 177 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мугалжарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 «Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 449
- Қабылданған күні
- 24.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 30.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2025 214832_776411.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25CI036925
- ЭКБ идентификаторы
- 214832
- Редакция идентификаторы
- 214832_776411
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:05
0 Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 «Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 177 «Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8568-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасының атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;
9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».