Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Кентау от 5 декабря 2024 года № 556 «Об утверждении положений государственных учреждений»

Қаулы · № 612 · қабылданған 12.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2024-no-556-ekb-228980/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Кентау от 5 декабря 2024 года № 556 «Об утверждении положений государственных учреждений» Қолданыста 12.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата города Кентау от 5 декабря 2024 года № 556 «Об утверждении положений государственных учреждений»

Қолданыста Қаулы № 612 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Кентау от 5 декабря 2024 года № 556 «Об утверждении положений государственных учреждений»
Атауы (қаз.)
Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 556 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
612
Қабылданған күні
12.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
19.08.2026
Көрсетілген редакция
12.08.2026 228980_835217.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26UC00612A
ЭКБ идентификаторы
228980
Редакция идентификаторы
228980_835217
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.08.2026 03:30
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 556

«Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Кентау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 556 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген қаулының 12-қосымшасы алып тасталсын.

2. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.