Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 ноября 2024 года №422 «Об утверждении Правил проведения аттестации на профессиональную компетентность работников центров трудовой мобильности (карьерных центров)»

Бұйрық · № 271 · қабылданған 12.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2024-no422/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 ноября 2024 года №422 «Об утверждении Правил проведения аттестации на профессиональную компетентность работников центров трудовой мобильности (карьерных центров)» Қолданыста Бұйрық ·№ 271 ·12.09.2025
12.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 ноября 2024 года №422 «Об утверждении Правил проведения аттестации на профессиональную компетентность работников центров трудовой мобильности (карьерных центров)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 271 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 5 ноября 2024 года №422 «Об утверждении Правил проведения аттестации на профессиональную компетентность работников центров трудовой мобильности (карьерных центров)»
Атауы (қаз.)
«Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы №422 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
271
Қабылданған күні
12.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
29.09.2025
Көрсетілген редакция
12.09.2025 214322_774534.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25G0000271
ЭКБ идентификаторы
214322
Редакция идентификаторы
214322_774534
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:19

0 «Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы №422 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы №422 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларында:
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мансап орталықтарының құрылымдық бөлімшелерінің (бөлімдерінің, секторларының) мамандарына біліктілік санаттары үш жыл мерзімге беріледі.
8. Аттестаттау:
1) еңбек мобильділігі орталықтарының (мансап орталықтарының ) жұмыскерлерін тестілеуді;
2) біліктілік санатына өтініш берген кезде мансап орталықтары мамандарының кәсіптік қызметін бағалауды қамтиды.
9. Еңбек мобильділігі орталығы Платформада осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы аттестаттауға арналған аттестатталушылардың тізімін қалыптастырады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Тестілеуге:
1) Платформада оқытудың жеке жоспарында айқындалған сағат санында біліктілікті арттыру курстарынан өткен еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері;
2) біліктілік санатына өтініш берген кезде мәлімделген біліктілік санатының бейіні бойынша Платформада біліктілікті арттыру курстарынан өткен мансап орталығының маманы жіберіледі.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Тестілеу нәтижесі шекті деңгейге жеткенде оң деп саналады:
1) алғашқы аттестаттау кезінде еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының ) жұмыскері үшін – 70%;
2) біліктілік санатына өтініш берген кезде мансап орталығының маманы үшін – 70%;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысы, директордың орынбасары, директор үшін – 85%;
4) еңбек мобильділігі орталығының маманы, мансап орталығының ассистенті үшін – 70%.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері әрбір тапсырма (сұрақ) бойынша негізделген дәлелдемелерді (толық түсіндірмені) көрсете отырып, Платформа арқылы апелляцияға өтінішті екі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.»;
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Тестілеу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 17-тармағында белгіленген шекті деңгейден төмен балл жинаған аттестатталушы:
1) «санатсыз» біліктілік санаты бар мамандарды қоспағанда, біліктілік санатына өтініш берген кезде қолданыстағы біліктілік санатынан бір деңгейге төмен біліктілік санаты берілуге жатады;
2) он екі айдан кешіктірмей қайта аттестаттауға жатады;
3) біліктілік санатына өтініш берген кезде кәсіби қызметті бағалау кезеңіне жіберілмейді.
28. Қайта аттестаттауға қатысатын және тестілеу нәтижелері бойынша белгіленген шекті деңгейден төмен балл жинаған аттестатталушы:
1) «мансап консультанты», «кейс-менеджер», «тәлімгер» біліктілік санаты бар мамандарды қоспағанда, біліктілік санатына өтініш берген кезде не еңбек мобильділігі орталығына (мансап орталығына) алғаш рет қызметке кірген жұмыскерлер, мансап орталығының ассистенттері, еңбек мобильділігі орталықтарының мамандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, директорлардың орынбасарлары, директорлар атқаратын лауазымына сәйкестігін растаған кезде жұмыстан шығаруға жатады;
2) «санатсыз» біліктілік санаты бар мамандарды қоспағанда, біліктілік санатына өтініш берген кезде қолданыстағы біліктілік санатынан бір деңгейге төмен біліктілік санаты берілуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-параграфпен толықтырылсын:
«2-1-параграф. Мансап орталығы маманының кәсіби қызметін бағалау тәртібі
28-1. Тестілеу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 17-тармағында белгіленген шекті деңгейді жинаған мансап орталығының маманы тестілеу кезеңі аяқталған күннен кейін 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес кәсіптік қызметті бағалаудан өтеді.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Тестілеу нәтижелері бойынша Платформада мынадай шешімдердің бірі қалыптастырылады:
1) алғашқы аттестаттау кезінде еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) жұмыскері бойынша:
атқаратын лауазымына сәйкес келеді – 70 және одан жоғары балл;
атқаратын лауазымына сәйкес келмейді – 69 және одан аз балл;
2) біліктілік санатына өтініш берген кезде мансап орталығының маманы бойынша:
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді – 85 және одан жоғары балл;
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді – қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді – 70-тен 84 балға дейін;
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді – мәлімделген деңгейден төмен біліктілік санатына сәйкес келеді – 69 және одан төмен балл;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысы, директордың орынбасары, директор бойынша:
атқаратын лауазымына сәйкес келеді – 85 және одан жоғары балл;
атқаратын лауазымына сәйкес келмейді – 84 және одан аз балл;
4) еңбек мобильділігі орталығының маманы, мансап орталығының ассистенті бойынша:
атқаратын лауазымына сәйкес келеді – 70 және одан жоғары балл;
атқаратын лауазымына сәйкес келмейді – 69 және одан аз балл.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Біліктіліктің орта деңгейінен біліктіліктің жоғары деңгейіне өту кезінде мансап орталығы маманының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін «санатсыз», «мансап консультанты» біліктілік санаты сақталады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды және ресми жарияланғаннан кейін өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушілерге, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етуді;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2025 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 271
бұйрығына қосымша
«Еңбек мобильділігі орталықтары
(мансап орталықтары) жұмыскерлерінің
кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
1-2-қосымша
Нысан
Мансап орталығы маманының кәсіби қызметін бағалау критерийлері

Критерий
Көрсеткіштер*
Балдар
Сараптама комиссиясының балдары
1
Тестілеу
максималды деңгей – 100%
ең көп балл саны – 80
автоматты түрде қойылады
2
Мансап орталығының қызмет алушыларының бағалауы негізінде қалыптастырылған рейтинг
соңғы 12 айда 5-тен 4-тен жоғары
10 балл
автоматты түрде қойылады
соңғы 12 айдағы 5-тен 3,9-ға тең немесе одан төмен
0 балл
3
Қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйеде тіркелген бұзушылықтар мен қателер
соңғы 12 айда бұзушылықтардың болмауы
10 балл
автоматты түрде қойылады
соңғы 12 айда бұзушылықтардың болуы
0 балл
* Көрсеткіштерге қол жеткізу аттестаттау арасындағы кезеңде ескеріледі.

Қолданыстағы