Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах реализации Конституционного закона Республики Казахстан от 5 июля 2024 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан»

Жарлық · № 826 · қабылданған 01.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-2024/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах реализации Конституционного закона Республики Казахстан от 5 июля 2024 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 826 ·01.04.2025
01.04.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах реализации Конституционного закона Республики Казахстан от 5 июля 2024 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 826 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах реализации Конституционного закона Республики Казахстан от 5 июля 2024 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
826
Қабылданған күні
01.04.2025
Көрсетілген редакция
01.04.2025 208752_751977.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2500000826
ЭКБ идентификаторы
208752
Редакция идентификаторы
208752_751977
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:18

0 «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссия тоғыз мүшеден – облыстық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі – облыстық сот) төрт судьясынан, кассациялық соттардың (бұдан әрі – кассациялық сот) екі судьясынан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі – Жоғарғы Сот) бір судьясынан және отставкадағы екі судьядан тұрады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссия құрамына Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, кассациялық соттардың төрағалары, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі – Жоғары Сот Кеңесі), Қазақстан Республикасының Судьялар одағы филиалдарының судья әдебі жөніндегі комиссияларының және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің мүшелері – судьялар сайлана алмайды.»;
8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте Жоғарғы Соттың бір судьясын және отставкадағы екі судьяны қоспағанда, тиісті сот сатысынан, оның ішінде облыстық соттардан және кассациялық соттардан Комиссия мүшелерінің жартысы жыл сайын қайта тағайындалады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Облыстық соттардың судьялары ішінен кандидаттар облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстарында ұсынылған кандидаттардың қатарынан сайланады.
Кассациялық соттардың судьялары ішінен кандидаттар кассациялық соттардың жалпы отырыстарында ұсынылған кандидаттардың қатарынан сайланады.
Жоғарғы Сот судьяларының және отставкадағы судьялардың ішінен кандидаттарды Жоғарғы Соттың Төрағасы балама негізде ұсынады.
Ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы мүшелерінің ең көп дауыс санын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.»;
38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38.  Судьяның кәсіби қызметін бағалаудан өткен судьяларға қатысты комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесі қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті облыстық сотқа, кассациялық сотқа және Жоғарғы Сотқа жіберіледі.
39. Комиссияның судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы, жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы хаттамалық шешімінің көшірмесі күнтізбелік бес күн ішінде тиісті облыстық сотқа, кассациялық сотқа, Жоғарғы Сотқа, сондай-ақ өзіне қатысты шешім қабылданған судьяға мәлімет үшін жіберіледі.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Комиссияның Регламентінде аудандық соттың судьясына, төрағасына және облыстық соттың судьясына қатысты көзделген құжаттарды Комиссияға облыстық соттың төрағасы, кассациялық соттың судьясына қатысты – кассациялық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасына және сот алқасының төрағасына, кассациялық соттың төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясына және сот алқасының төрағасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің оларды лауазымға тағайындауына байланысты өз өкілеттіктерін бұрын тоқтатқан судьяларға қатысты – Жоғарғы Соттың Төрағасы ұсынады.»;

2 2) «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ережеде:
Сот әкімшілігінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-жолмен толықтырылсын:
«22. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.».

3 3. Жоғарғы Сот және Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4 4. Осы Жарлық, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы