Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского районного маслихата (5 очередная сессия, 5 созыв) от 20 апреля 2012 года № 5/28 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Павлодарского района"

Өзге акт · № 9/68 · қабылданған 25.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5-5-20-2012-no-528/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского районного маслихата (5 очередная сессия, 5 созыв) от 20 апреля 2012 года № 5/28 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Павлодарского района" Күшін жойған Өзге акт ·№ 9/68 ·25.10.2012
13.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского районного маслихата (5 очередная сессия, 5 созыв) от 20 апреля 2012 года № 5/28 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Павлодарского района"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9/68 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского районного маслихата (5 очередная сессия, 5 созыв) от 20 апреля 2012 года № 5/28 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Павлодарского района"
Атауы (қаз.)
Павлодар аудандық мәслихаттың (5 сайланған 5 кезекті сессиясы) 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5/28 "Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9/68
Қабылданған күні
25.10.2012
Көрсетілген редакция
13.06.2014 68772_190189.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PK003264
ЭКБ идентификаторы
68772
Редакция идентификаторы
68772_190189
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:04

0 Павлодар аудандық мәслихаттың (5 сайланған 5 кезекті сессиясы) 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5/28 "Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" № 394 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар аудандық мәслихаттың (5 сайланған 5 кезекті сессиясы) 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5/28 "Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-11-165 тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы "Заман тынысы" аудандық газетінің № 21, 2012 жылғы 18 мамырдағы "Нива" аудандық газетінің № 21 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1–тармақ келесі мазмұндағы 25), 26) тармақшаларымен толықтырылсын:
"25) "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
26) жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар.";
2–тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) тармақшада көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге біржолғы материалдық көмек үшін - "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Павлодар аудандық бөлімшесі ұсынатын тізімге сәйкес, электрмен жылытуды орнатуға, 7 ай жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге, "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға;";
2–тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
""Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес Астана қаласына экскурсияға баруға біржолғы материалдық көмек үшін;";
2–тармақ келесі мазмұндағы 26), 27) тармақшаларымен толықтырылсын:
"26) 25) тармақшада көрсетілген санат үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері ұсынатын тізімге сәйкес "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға біржолғы материалдық көмек үшін;
27) 26) тармақшада көрсетілген санат үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамында немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған дербес шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы Павлодар аудандық бөлімшесі ұсынатын тізімге сәйкес Қарттар күні қарсаңында біржолғы материалдық көмек үшін.";
3–тармақтың 4) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"электрмен жылытуды орнатуға 40 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, 7 ай жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге 10 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек, "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек;";
3–тармақтың 6), 7), 8) тармақшалары келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласына экскурсияға баруға 13 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;";
3–тармақ келесі мазмұндағы 24), 25) тармақшаларымен толықтырылсын:
"24) 25) тармақшада көрсетілген санат үшін - "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", "Заман тынысы", "Нива" газеттеріне жазылуға бір жылға арналған жазылу бағасымен белгіленген мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
25) 26) тармақшада көрсетілген санат үшін - Қарттар күні қарсаңында 2 ең төменгі есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы материалдық көмек.".

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және аудан бюджеті мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы