О внесении изменений и дополнений в решение 5 очередной сессии районного маслихата № 5/36 от 19 декабря 2007 года «О размерах ставок на отдельные виды налогов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение 5 очередной сессии районного маслихата № 5/36 от 19 декабря 2007 года «О размерах ставок на отдельные виды налогов»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы 5 кезекті сессиясының «Салықтың жекелеген түрлеріне арналған ставкалардың мөлшері туралы» № 5/36 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8/96
- Қабылданған күні
- 02.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2008 40634_332694.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KI000045
- ЭКБ идентификаторы
- 40634
- Редакция идентификаторы
- 40634_332694
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:10
0 Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы 5 кезекті сессиясының «Салықтың жекелеген түрлеріне арналған ставкалардың мөлшері туралы» № 5/36 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. 2007 жылғы 27 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу № 8-9-37, «Абай-Ақиқат» аудандық газетінің 2008 жылғы 18 қатардағы 3 (3696) жарияланған, аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 5 кезекті сессиясының «Салықтың жекелеген түрлеріне арналған ставкалар мөлшері туралы» № 5/36 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 4 қосымшада:
1 қатарда «5 кв.метрге дейінгі сыртқы жарнаманың объектісі (жер бетінде, қабырғаларға, шатырларға және электр бағандарына орналастырылған)» сөздері «5 кв.метрге дейін сыртқы жарнаманың объектісін қоса алғанда (жер бетінде, қабырғаларға, шатырларға және электр бағандарына орналастырылған)» сөздрімен ауыстырылсын;
2 қатарда «Көлемдік сыртқы жарнама – 5-тен 10 кв.м дейін (жер бетінде, қабырғаларға, шатырларға орналастырылған)» сөздері «Көлемдік сыртқы жарнама – 5 кв.м жоғары (жер бетінде, қабырғаларға, шатырларға орналастырылған)» сөздерімен ауыстырылсын;
3 бағанда «Бекітілген айлық есептік көрсеткішінен тиісті жылға бір айдағы ставка төлемдер» сөздері «1 кв.м үшін бекітілген айлық есепті көрсеткішінен тиісті жылға бір айдағы ставка төлемдері» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Абай ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Қ. Алин
02.07.2008
1 Абай ауданының елді мекедерінде орналасқан, бір салық салу объектісінен алынатын сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы орналастыру үшін 2008 жылға арналған ставкалардың төлемдері
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 2 шілдедегі
8 кезектен тыс сессиясының
№ 8-96 шешіміне 1 қосымша
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
5 кезекті сессиясының
№ 5/36 шешіміне 4 қосымша
Абай ауданының елді мекедерінде орналасқан, бір салық салу объектісінен алынатын сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы орналастыру үшін 2008 жылға арналған ставкалардың төлемдері
№
Сыртқы жарнама объектісінің атауы
1 кв.м үшін бекітілген айлық есептік көрсеткішінен тиісті жылға бір айдағы ставка төлемдері
1
5 кв. метрге дейінгі сыртқы жарнаманың объектісін қоса алғанда (жер бетінде, қабырғаларға, шатырларға және электр бағандарына орналастырылған)
0,5
2
Көлемдік сыртқы жарнама – 5 кв.м-н жоғары (жер бетінде, қабырғаларға, шатырларға орналастырылған)
1
3
Дүңгіршіктердегі, уақытша үлгідегі жасалған павильондардағы және шағын сәулеттік құрылыстардағы жарнамалар
0,5