Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда 50 квартирного жилого дома, расположенного по адресу город Тайынша улица Конституции Казахстана, 164
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда 50 квартирного жилого дома, расположенного по адресу город Тайынша улица Конституции Казахстана, 164
- Атауы (қаз.)
- Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 164 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50 пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 12.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2017 87693_218256.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SK003159
- ЭКБ идентификаторы
- 87693
- Редакция идентификаторы
- 87693_218256
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:42
0 Тайынша қаласы Қазақстан
Конституциясы көшесі 164
мекенжайы бойынша орналасқан
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
50 пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны
үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы, 2) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы 1 тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 164 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50 пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімінің өнеркәсіп, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі жеткшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 12 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
4 Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 12 ақпандағы № 51
қаулысына қосымша
Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 164 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшерін есептеген кезде, келесі көрсеткіштер қолданылады:
А-Кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін теңгеде);
Ц-тұрғын үйдің жалпы алаңы құрылысының (сатып алынуының) бір шаршы метрінің құны (теңге) үшін теңге;
Т-ғимараттың қызмет етуінің есептік мерзімі (жыл);
Р-тұрғын үйді күтіп ұстау үшін қажетті төлемдердің сомасы (тұрғын ғимараттың) (айына бір шаршы метр үшін теңгеде);
Тұрғын үйдің жалпы алаңы құрылысының (сатып алынуының) бір шаршы метрінің құны (Ц) ғимараттың құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес және мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет етуінің есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарының қайта құрылымдауы, күрделі және ағымдағы жөндеуі» 1.04-26-2011 ҚР ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталды.
Кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын 1 ш. м. үшін төлемақының мөлшері, формула бойынша есептер:
А=Ц/Т/12+Р
Ц= 337717000 теңге («Севмемэкспертиза» МЕК 2013 жылғы 6 сәуірдегі № 17-0115/13 қорытындысына сәйкес құрылыстың құны) 3648,5 (техникалық төлқұжат мәліметтеріне сәйкес үйдің жалпы алаңы) =92563,25 тұрғын үйдің бір шаршы метр құрылысының құны (теңге).
Т-125 жыл (кірпіш ғимараты үшін, 1.04-26-2004 ҚР ҚН)
Р=о теңге
А=92563,25:25:12+0=61/71 теңге
Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 164 мекенжайы бойынша орналасқан кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшері, айына бір шаршы метрі үшін 61,71 теңгені құрайды.