Құжат мәтініне өту

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда 50 квартирного жилого дома расположенного по адресу город Тайынша улица 50 лет Октября 11 "А"

Қаулы · № 71 · қабылданған 13.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/50-50-11/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда 50 квартирного жилого дома расположенного по адресу город Тайынша улица 50 лет Октября 11 "А" Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·13.02.2014
03.08.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда 50 квартирного жилого дома расположенного по адресу город Тайынша улица 50 лет Октября 11 "А"

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда 50 квартирного жилого дома расположенного по адресу город Тайынша улица 50 лет Октября 11 "А"
Атауы (қаз.)
Тайынша қаласы 50 лет Октября көшесі 11 "А" мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
13.02.2014
Көрсетілген редакция
03.08.2017 78019_218258.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SK002609
ЭКБ идентификаторы
78019
Редакция идентификаторы
78019_218258
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:54

0 Тайынша қаласы 50 лет Октября көшесі 11 "А" мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы, 2) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы 1 тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы Бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес Тайынша қаласы 50 лет Октября көшесі 11 «А» мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің өнеркәсіп, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және
автомобильдік жолдар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Қожабергенов
13 ақпан 2014 жыл
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Сәрсембаев
13 ақпан 2014 жыл

4 Аудан әкімдігінің

2014 жылғы 13 ақпандағы № 71
қаулысына қосымша
Тайынша қаласы 50 лет Октября көшесі 11 «А» мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшерін есептеген кезде, келесі көрсеткіштер қолданылады:
А-кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін теңгеде);
Ц-тұрғын үйдің жалпы алаңы құрылысының (сатып алуының) бір шаршы метрінің құны (теңге);
Т-ғимараттың қызмет етуінің есептік мерзімі (жыл);
Р-тұрғын үйді күтіп ұстау үшін қажетті төлемдердің сомасы (тұрғын ғимараттың) (айына бір шаршы метр үшін теңгеде);
Тұрғын үйдің жалпы алаңы құрылысының (сатып алуының) бір шаршы метрінің құны (Ц) ғимараттың құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес және мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет етуінің есептік мерзімі (Т) «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарының қайта құрылымдауы, күрделі және ағымдағы жөндеуі» 1.04-26-2011 ҚР ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын бір шаршы метр үшін төлемақының мөлшері, формула бойынша есептер:
А= Ц/Т/12+Р
Ц=319924000 теңге («Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 2012 жылғы 18 шілдедегі № 17-0408/12 қорытындысына сәйкес құрылыстың құны/ 3622,5 ш2 (техникалық төлқұжатт мәліметтеріне сәйкес үйдің жалпы алаңы) = 88315,8 тұрғын үйдің бір шаршы метр құрылысының құны (теңге).
Т-125 жыл (кірпіш ғимараты үшін, 1.04-26-2004 ҚР ҚН)
Р=0 тенге
А=88315,8 / 125 / 12+0 = 58,88 теңге
Тайынша қаласы 50 лет Октября көшесі 11 «А» мекенжайы бойынша орналасқан кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері, айына бір шаршы метрі үшін 58,88 теңгені құрайды.

Қолданыстағы