Құжат мәтініне өту

О повышении базовых ставок земельного налога на 50 процентов

Өзге акт · № 18 · қабылданған 01.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/50-ekb-102195/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О повышении базовых ставок земельного налога на 50 процентов Күшін жойған Өзге акт ·№ 18 ·01.04.2016
14.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении базовых ставок земельного налога на 50 процентов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 18 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении базовых ставок земельного налога на 50 процентов
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін 50 пайызға жоғарылату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18
Қабылданған күні
01.04.2016
Көрсетілген редакция
14.02.2018 102195_299748.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NN006345
ЭКБ идентификаторы
102195
Редакция идентификаторы
102195_299748
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:48

0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін 50 пайызға жоғарылату туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387, 379, 381 және 383-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын:

1 1) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда);

2 2) жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

3 3) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне.

2 2. Қосымшаға сәйкес Қостанай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер
Департаментінің «Қостанай ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы» Республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының міндеттерін атқарушы
__________________ А. Бекенов
1 сәуір 2016 жыл

7 Мәслихаттың

2016 жылғы 1 сәуірдегі
№ 18 шешіміне қосымша
Қостанай аудандық мәслихатының
күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

1 1. Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 «Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-120 тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпанда «Арна» газетінде жарияланған).

2

2. Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 349 «Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 «Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-137 тіркелген, 2010 жылғы 26 қарашада «Арна» газетінде жарияланған).

3

3. Мәслихаттың 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 390 «Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 «Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-142 тіркелген, 2011 жылғы 14 қаңтарда «Арна» газетінде жарияланған).

4

4. Мәслихаттың 2015 жылғы 11 наурыздағы № 278 «Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 262 «Жер салығының базалық ставкасын 50 пайызға көтеру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5513 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде «Арна» газетінде жарияланған).

Қолданыстағы