Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 500 тенге образца 2006 года и образца 2017 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 500 тенге образца 2006 года и образца 2017 года
- Атауы (қаз.)
- 2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 02.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2020 116065_480329.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015998
- ЭКБ идентификаторы
- 116065
- Редакция идентификаторы
- 116065_480329
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:24
0 2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылғы
үлгідегі номиналы 500 теңгелік
банкноттардың қатар айналыста болу
кезеңін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1 1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2017 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі 2017 жылғы 22 қараша – 2020 жылғы 10 маусым аралығы болып белгіленсін.
2 2. Ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:
1 1) екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы:
ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға өз кассаларынан, сондай-ақ банкоматтар арқылы беруді жүзеге асырады;
операциялық кассаға келіп түсетін ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 19680 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (бұдан әрі – Ұлттық Банк) тапсырады;
2 2) Ұлттық Банктің филиалдары:
ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға айналым кассаларынан беруді және қабылдауды жүзеге асырады;
заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 10204 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің және заңды тұлғалардың тиісті шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.
3 3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;