Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение 52 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 октября 2011 года № 414 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Осакаровского района»

Ереже · № 793 · қабылданған 30.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/52-25-2011-no-414-ekb-138460/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение 52 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 октября 2011 года № 414 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Осакаровского района» Күшін жойған Ереже ·№ 793 ·30.12.2019
17.05.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение 52 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 октября 2011 года № 414 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Осакаровского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 793 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение 52 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 октября 2011 года № 414 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Осакаровского района»
Атауы (қаз.)
Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
793
Қабылданған күні
30.12.2019
Көрсетілген редакция
17.05.2024 138460_701146.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KO005673
ЭКБ идентификаторы
138460
Редакция идентификаторы
138460_701146
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:50

0 Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы

52 сессиясының № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8-15-151 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы № 47 (7271) «Сельский труженик» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2011 жылғы 15 қарашада жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
1) 1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;

2 2) 3-тармақта:

12) тармақша жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;»;
12-1) тармақша жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«12-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

3 3) 19-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

4 4) 19-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар;»;

5 5) 24 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«24. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (В.В.Бережной) жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы