О реорганизации республиканского государственного учреждения "Воинская часть 5518" Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации республиканского государственного учреждения "Воинская часть 5518" Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "5518 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1167
- Қабылданған күні
- 06.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2015 AI75129_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300001167
- ЭКБ идентификаторы
- 75129
- Редакция идентификаторы
- AI75129_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:58
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "5518 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың деңгейін арттыру және азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5518 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «6699 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - мекеме) одан бөлу арқылы қайта ұйымдастырылып, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) мекеменің жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-2-жолмен толықтырылсын:
«77-2. 6699 әскери бөлімі.».