О присвоении имени Героя Советского Союза, гвардии полковника Бауыржан Момышұлы республиканскому государственному учреждению «Воинская часть 5571 Национальной гвардии Республики Казахстан»
Қолданыста
Қаулы
№ 937
19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении имени Героя Советского Союза, гвардии полковника Бауыржан Момышұлы республиканскому государственному учреждению «Воинская часть 5571 Национальной гвардии Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының есімін беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 937
- Қабылданған күні
- 22.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2022 173998_602135.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000937
- ЭКБ идентификаторы
- 173998
- Редакция идентификаторы
- 173998_602135
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:50
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының есімін беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының есімі берілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.».