Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о мерах по прекращению действия Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об условиях использования и аренды полигона Эмба (5580 база обеспечения испытательных работ) от 20 января 1995 года и Договора между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Эмба (5580 база обеспечения испытательных работ) от 18 октября 1996 года

Заң · № 57-VI · қабылданған 05.04.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/5580-20-1995-5580-18-1996/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о мерах по прекращению действия Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об условиях использования и аренды полигона Эмба (5580 база обеспечения испытательных работ) от 20 января 1995 года и Договора между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Эмба (5580 база обеспечения испытательных работ) от 18 октября 1996 года Қолданыста Заң ·№ 57-VI ·05.04.2017
05.04.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о мерах по прекращению действия Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об условиях использования и аренды полигона Эмба (5580 база обеспечения испытательных работ) от 20 января 1995 года и Договора между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Эмба (5580 база обеспечения испытательных работ) от 18 октября 1996 года

Қолданыста Заң ·№ 57-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о мерах по прекращению действия Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об условиях использования и аренды полигона Эмба (5580 база обеспечения испытательных работ) от 20 января 1995 года и Договора между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Эмба (5580 база обеспечения испытательных работ) от 18 октября 1996 года
Атауы (қаз.)
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы хаттаманы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
57-VI
Қабылданған күні
05.04.2017
Көрсетілген редакция
05.04.2017 110878_279177.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1700000057
ЭКБ идентификаторы
110878
Редакция идентификаторы
110878_279177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:29

0

1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
хаттаманы ратификациялау туралы
2016 жылғы 20 қазанда Мәскеуде жасалған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы
18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттаманың жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) ережелерін назарға ала отырып,
1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы 54-бабының b) тармағын негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісім мен Шарт өз қолданысын 2017 жылғы 1 қаңтарда тоқтатады.

2 2-бап

Келісімнің 5-бабына сәйкес құрылған бірлескен комиссия Келісім мен Шарт қолданысын тоқтатқанға дейін жер учаскелерін, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қабылдау-беруді жүзеге асырады.
Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жер учаскелерін, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті олардың амортизациясын ескере отырып, одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйде береді.
Жалға алынған мүлікті одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйде қайтару мүмкін болмаған жағдайда Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына мүліктің жалға алу мерзімі аяқталған кездегі тозуын ескере отырып, құндық баламасын өтейді.

3 3-бап

Келісім мен Шартқа сәйкес міндеттемелерді орындамау, ішінара орындамау немесе тиісінше орындамау бойынша Тараптар арасындағы барлық өзара наразылықтарды Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Тараптардың қорғаныс министрліктері реттеуі тиіс. Жер учаскелерін, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қабылдау-беруді бірлескен комиссия тиісті актілерге қол қою арқылы жүзеге асырады.

4 4-бап

Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.

5 5-бап

Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама өз қолданысын Келісім мен Шарт қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.
2016 жылғы 20 қазандағы Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін

Қолданыстағы