О реализации Постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 июля 1995 года № 931 «О государственном градостроительном кадастре»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации Постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 июля 1995 года № 931 «О государственном градостроительном кадастре»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Мемлекеттік қалақұрылыс кадастр жөнінде» № 931 1995 жыл 6 шілдедегі қаулысының жүзеге асыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 737
- Қабылданған күні
- 03.11.1998
- Көрсетілген редакция
- 03.11.1998 3498_255533.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98T000041_
- ЭКБ идентификаторы
- 3498
- Редакция идентификаторы
- 3498_255533
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:29
0 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Мемлекеттік қалақұрылыс кадастр жөнінде» № 931 1995 ж. 6 шілдедегі қаулысының жүзеге асыру туралы
Атырау облысында инженерлік-геологиялық және өткен жылдарды объектілерді есепке алу материалдары, елді мекендер аумағында жер учаскелерін бөлу, мөлтек-аудандардағы, елді мекендердегі жобалау желілерінің материалдары, жерлерді есепке алу құжаттары, қолдағы бар картографиялық-жобалау материалдары, т.б. анықтау және талдау жасау барысында нақты жұмыстар атқарылуда.
Жоғардағы қаулыны жүзеге асыру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыстық сәулет және сәулеттік-қалақұрылысын бақылау департаменті Атырау қаласында және облыс аумағында Мемлекеттік қала-құрылыс кадастрын құруға және жүргізуге тапсырыс беруші болып белгіленсін.
2. Облыстық сәулет және сәулеттік-қалақұрылысын бақылау департаменті (І. Санабаев) облыс әкімінің қарауына:
- облыс көлемінде Мемлекеттік қалақұрылыс кадастрын құру және жүргізу шараларының бағдарламасын 1998 ж. Қараша айының 5-не дейін;
- облыстық ұйымдар мен мекемелерге жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша ақпаратты табыс ету және қолдау ретін қараша айының 15-не дейін ұсыныс берсін.
3. Қаланың және аудан орталықтарының әлеуметтік-экономикалық комплекстік бағалау жобаларын, қалақұрылыстық факторлерін есепке алу үшін, облыстық сәулет және сәулеттік-қалақұрылысының бақылау департаментінде Мемлекеттік қалақұрылыс кадастрын құруға, қалақұрылысын жобалау ұжымдарын, қалалық сәулет бөлімінің шаруашылық есептегі жобалау бюросын, Атырау облысының жылжымайтын мүлік орталығын және Атырау қаласы мен аудандардың әкімдерін қатыстырсын.