Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 1998 года № 1137

Қаулы · № 1455 · қабылданған 16.11.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-1998-no-1137-ekb-10386/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 1998 года № 1137 Күшін жойған Қаулы ·№ 1455 ·16.11.2001
09.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 1998 года № 1137

Күшін жойған Қаулы ·№ 1455 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 1998 года № 1137
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1455
Қабылданған күні
16.11.2001
Көрсетілген редакция
09.08.2011 AI10386_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010001455_
ЭКБ идентификаторы
10386
Редакция идентификаторы
AI10386_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:29

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Акциялардың мемлекеттiк пакетiн бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында сату тәртiбiн құқықтық регламенттеудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. "Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 40, 367-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесiнде:

1 1) мәтiндегi "Комитет", "Комитеттiң" деген сөздер "Сатушы", "Сатушының" деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) 1-бөлiмнiң тақырыбындағы "Қазақстан" деген сөз "Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

3

3) 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет)" деген сөздер "заңнамалық кесiмдерге сәйкес республикалық немесе коммуналдық меншiктi иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган (бұдан әрi - Сатушы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

4 4) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Акцияларды сату Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтiн қор биржасының (бұдан әрi - қор биржасы) сауда жүйелерiнде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы қолданыстағы заңнамасына және тиiстi қор биржасының Биржалық сауда ережесiне сәйкес жүргізіледi.";

5 5) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн қор биржасы арқылы сатуға дайындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мен үйлестiрудi Сатушы Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiнен құрған Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады. Комиссия мүшелерiнiң саны кемiнде 5 адамды құрауы тиiс. Комиссияның төрағасы Сатушының өкiлi болып табылады.";

6 6) 4-тармақтағы "шешiм, сатудың неғұрлым қолайлы кезеңiн белгiлеу

мақсатында, мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдарына жүргiзiлген
мониторингтi ескере отырып қабылданады" деген сөздер "шешiмдi Комиссияның
ұсынымдарын ескере отырып, Сатушы қабылдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

7 7) мынадай мазмұндағы 4-1-жолмен толықтырылсын:

"Сату туралы хабарламаны Сатушы Қазақстан Республикасының
жекешелендiру туралы заңнамасында көзделген мерзiмдерде мемлекеттiк және
орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөзде жариялауы тиiс және онда
мынадай мәлiметтер:
1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақыты;
2) сауда-саттық өтетiн орын;
3) акциялар шығарушының атауы;
4) шығарушы туралы мәлiметтер;
5) сатылатын акциялардың саны;
6) Қазақстан Республикасының жекешелендiру
және бағалы
қағаздар рыногы туралы
заңнамасында көзделген өзге де мәлiметтер
қамтылуы тиiс.";

8 8) 5-тармақтағы "республикалық" деген сөз "тиiстi" деген сөзбен

ауыстырылсын;

9 9) 2-4-бөлiмдердiң атаулары алынып тасталсын;

10 10) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Бағалы қағаздардың отандық рыногында акцияларды сату құқығына брокерлiк компанияны таңдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Сатушы жүзеге асырады.";

11 11) 8-10, 12-15, 20-тармақтар алынып тасталсын;

12 12) 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"22. Бағалы қағаздардың халықаралық рыногында акцияларды сату жөнiндегi менеджердi (бұдан әрi - менеджер) таңдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тендерлiк комиссия жүзеге асырады.";

13 13) 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"23. Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тендерлiк
комиссияның құрамына Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан
Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
және өзге де мүдделi ведомстволардың өкiлдерi кiредi.";

14 14) 24-тармақтың 3) тармақшасының қазақша мәтіні өзгеріссіз сол

күйінде қалдырылсын;

15 15) 28-тармақ алынып тасталсын;

16 16) 29 және 30-тармақтардағы "Комитетке" деген сөз "Сатушыға" деген

сөзбен ауыстырылсын;

17 17) 34-тармақтағы "республикалық" деген сөз "тиiстi" деген сөзбен

ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы