О ратификации Дополнительного протокола к Протоколу к Соглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Дополнительного протокола к Протоколу к Соглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о разграничении дна северной части Каспийского моря в целях осуществления суверенных прав на недропользование от 6 июля 1998 года
- Атауы (қаз.)
- 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға Қосымша хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200-VІ
- Қабылданған күні
- 25.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2018 127363_386482.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1800000200
- ЭКБ идентификаторы
- 127363
- Редакция идентификаторы
- 127363_386482
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:45
0 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға Қосымша хаттаманы ратификациялау туралы
1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға 2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде жасалған Қосымша хаттама ратификациялансын.
1 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға ҚОСЫМША ХАТТАМА
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісімді, оған 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттаманы, көрсетілген Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы 2006 жылғы 25 қаңтардағы және 2015 жылғы 15 қазандағы хаттамаларды басшылыққа ала отырып,
"Құрманғазы" ("Құлалы") құрылымының көмірсутек ресурстарын бірлесіп игерудегі өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның құзыретті органы және 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырда қол қойылған және өзіне 2006 жылғы 25 қаңтардағы Хаттамамен өзгертілген Хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) 3-бабының 4-тармағында көзделген кәсіпорын көрсетілген Хаттаманың 3-бабының 6-тармағында көзделген 2005 жылғы 6 шілдедегі өнімді бөлісу туралы келісімге мыналарды:
2005 жылғы 6 шілдедегі өнімді бөлісу туралы келісімде көзделген келісімшарт аумағын ұлғайтуды;
кәсіпорынға кейіннен төрт жылға ұзарту мүмкіндігін ұсына отырып, бүкіл келісімшарт аумағында алты жыл мерзімге қосымша барлау кезеңін беруді;
2005 жылғы 6 шілдедегі өнімді бөлісу туралы келісімге қосымша келісімге қол қою күнін қосымша барлау кезеңінің басталу күні ретінде белгілеуді көздейтін қосымша келісім жасасады.
2 2-бап
Осы Қосымша хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарламалардың соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін