О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 6 мая 1999 года N 532 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 3 мая 1999 года N 128 "О квоте иммиграции на 1999 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 6 мая 1999 года N 532 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 3 мая 1999 года N 128 "О квоте иммиграции на 1999 год"
- Атауы (қаз.)
- "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 128 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы N 532 қаулысын жүзеге асыру туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 698
- Қабылданған күні
- 07.06.1999
- Көрсетілген редакция
- 07.06.1999 3138_260774.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99V0000194
- ЭКБ идентификаторы
- 3138
- Редакция идентификаторы
- 3138_260774
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:07
0 "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 128 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы N 532 қаулысын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен.
"1999 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 мамырдағы N 128 Жарлығын және осы мәселе туралы Үкiмет қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген 1999 жылға арналған шет елдерден көшiп келу квотасына сәйкес 30 репатрианттар (оралмандар) отбасылары облыстың қалалары мен аудандарына N 1 қосымшаға сәйкес бөлiнсiн.
2. Репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын қабылдау мен жайластыруға байланысты мәселелердi жедел шешу мақсатында N 2 қосымшаға сәйкес облыстық штаб құрылсын.
3. Облыстық көшi-қон және демография басқармасы:
1) өздерiнiң тарихи Отанына қайтуға тiлек бiлдiрген репатрианттарды (оралмандарды) облысқа белгiленген көшiп келу квотасы шеңберiнде қабылдауды ұйымдастырылсын және оларды жайластыруға бақылау жасауды қамтамасыз етсiн;
2) адамдар мен олардың үй мен мүлкiн қоныстану пункттерiне дейiн тасымалдауды қамтамасыз етсiн;
3) репатрианттарға (оралмандарға) уақтылы бiр жолғы жәрдемақылар төлеудi, көлiк шығындарын өтеудi және тұрғын үй қамтамасыз етсiн;
4) Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) отбасыларын қоныстандыруды, қабылдауды және жайластыруды ұйымдастыруға бөлiнген қаржыларды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн;
5) репатрианттарды (оралмандарды) жергiлiктi жерлерде қоныстандыруға және жайластыруға байланысты облыстық басқармалардың және атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
1) репатрианттарды (оралмандарды) қабылдауды, жайластыруды және оларға қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн;
2) репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын туыстық байланыстарына және мамандықтарына қарай еңбекке орналастыру үшiн жинақы қоныстандыру мекендерiн анықтасын;
3) белгiленген тәртiппен оларға тұрғын үйлер құрылысы және шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерiн бөлсiн;
4) репатрианттардың (оралмандардың) балаларын жергiлiктi бюджеттегi бiлiм беру мекемелерiнде тегiн оқытуды және тәрбиелеудi, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымша сыныптар мен мектептер ашу арқылы ересек адамдарды хат тануға, қазiргi кездегi қазақ емлесiне оқытуды ұйымдастырсын;
5) репатрианттарға (оралмандарға) кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыруға, ұлттық кәсiптерiн жаңғыртуға, фермерлiк және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға шағын несиелер бөлiнуiне жәрдемдессiн.
5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы:
1) облыс аумағына тұрақты тұруға келген репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтiк қамтамасыз ету, оның iшiнде зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау мәселелерiн Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес шешсiн;
2) репатрианттар (оралмандар) отбасыларының ересек еңбекке қабiлеттi мүшелерiн олардың бiлiктiлiгi мен мамандығына сәйкес жұмыспен қамту жөнiнде, сондай-ақ оларды қажеттi мамандықтарға даярлау және қайта даярлау жөнiнде шаралар қабылдасын.
6. Денсаулық сақтау басқармасы:
1) репатрианттар (оралмандар) отбасыларының белгiленген мекен жайларына жеткенге дейiнгi жолдарда санитарлық-тазалық талаптарды орындауын қамтамасыз етсiн;
2) облысқа келген репатрианттарды (оралмандарды) тегiн медициналық тексеруден өткiзудi қамтамасыз етсiн;
3) репатрианттарға (оралмандарға) медициналық қызмет көрсетудiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз етсiн.
7. Бiлiм беру департаментi:
1) репатрианттардың (оралмандардың) мектеп жасындағы балаларын жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқумен толық қамтамасыз етсiн.
2) репатрианттар (оралмандар) арасынан жастардың жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсу тәртiбiн белгiлесiн.
8. Аумақтық кеден басқармасы:
1) қажет болған жағдайда қосымша уақытша кеден постыларын ұйымдастырсын.
9. Iшкi iстер басқармасы:
1) репатрианттардың (оралмандардың) облыс аумағы жолдарында және олардың орналасқан жерлерiнде жеке бастарының және мүлiктерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн;
2) келген репатрианттарды (оралмандарды) уақтылы тiркеудi және республиканың аумағында тұруы мен жүрiп тұруына арналған құжаттарды уақытында рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына сәйкес түпкiлiктi тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдардың қажеттi құжаттарын рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн.
10. Ауылшаруашылық басқармасы:
1) репатрианттардың (оралмандардың) меншiк малдарын мемлекеттiк шекарадан олардың тұрақты тұратын мекендерiне дейiн айдауды ұйымдастыруға, тасымалдауға және малдәрiгерлiк тексеруден өткiзуге көмек көрсетсiн.
11. Осы шешiмнiң орындалу қорытындысы туралы облыс әкiмi аппаратына үстiмiздегi жылдың 25 желтоқсанына дейiн жазбаша хабарлама беру көшi-қон және демография басқармасына тапсырылсын.
12. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Абайдильдинге жүктелсiн.
35 Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1999 жылға белгiленген көшiп келу квотасына сәйкес репатрианттар (оралмандар) отбасыларын бөлу
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1999 жылғы 8 маусымдағы
N 698 шешiмiне
N 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1999 жылға
белгiленген көшiп келу квотасына сәйкес
репатрианттар (оралмандар) отбасыларын бөлу
N
п/п
Аудандар мен қалалар
көшiп келетiн елдiң аты
1999 жылғы квота бойынша барлығы
01.05.99 ж. тұратындар
Ауғанстан
КХР
1.
Абай
19
2.
Аягөз
67
3.
Бородулиха
10
10
4.
Бесқарағай
6
5.
Глубокое
22
6.
Жарма
206
7.
Зайсан
3
3
81
8.
Зырян
3
9.
Катон-Қарағай
22
10.
Күршiм
5
5
68
11.
Көкпектi
122
12.
Курчатов қаласы
1
13.
Лениногор қаласы
161
14.
Семей қаласы
15.
Тарбағатай
6
6
18
16.
Ұлан
205
17.
Үржар
6
6
170
18.
Өскемен қаласы
31
19.
Шемонайха
1
Барлығы
10
20
30
1203
Облыс әкiмi
аппаратының жетекшiсi
36 Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және жайластыру жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1999 жылғы 8 маусымдағы
N 698 шешiмiне
N 2 қосымша
Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау
және жайластыру жөнiндегi облыстық
штабтың құрамы
Абайдильдин Т.Ж.
штаб бастығы, облыс Јкiмiнiң орынбасары
Омаров Б.А.
штаб бастығының орынбасары, көшi-қон және демография жөнiндегi басқармасының бастығы
Штаб мүшелерi:
Болотова О.Г.
еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы бастығының орынбасары
Өтепов Б.М.
облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
Бақтыбаев Ж.Т.
iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Райсов М.К.
денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Малгаждаров А.Б.
аумақтық кеден басқармасы бастығының орынбасары
Шакенов М.Ш.
сауда және қызмет көрсету департаментiнiң бастығы
Сабитов Т.К.
жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары
Данияров Б.К.
мәдениет, спорт және туризм жөнiндегi басқармасының бастығы
Коляда Ю.И.
мемлекеттiк санэпидемиялық бақылау басқармасы бастығының орынбасары
Аязбаев Е.М.
бiлiм департаментi бастығының орынбасары
Ажбеков Р.А.
энергетика, индустрия, құрылыс, телекоммуникация және сыртқы экономикалық байланыстар жөнiндегi басқарманың жетекшi
Облыс әкiмi
аппаратының жетекшiсi