Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Акима области "О закупках элитных семян зерновых культур в Российской Федерации" от 6 апреля 2000 г. N 836

Өзге акт · № 876 · қабылданған 12.07.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2000-n-836/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Акима области "О закупках элитных семян зерновых культур в Российской Федерации" от 6 апреля 2000 г. N 836 Күшін жойған 12.07.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение Акима области "О закупках элитных семян зерновых культур в Российской Федерации" от 6 апреля 2000 г. N 836

Күшін жойған Өзге акт № 876 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Акима области "О закупках элитных семян зерновых культур в Российской Федерации" от 6 апреля 2000 г. N 836
Атауы (қаз.)
"Россия федерациясынан дәнді дақылдардың элиталық тұқымдарын сатып алу туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 6 сәуірдегі N 836 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
876
Қабылданған күні
12.07.2000
Көрсетілген редакция
12.07.2000 6552_261745.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00V0000352
ЭКБ идентификаторы
6552
Редакция идентификаторы
6552_261745
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:22
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Россия федерациясынан дәнді дақылдардың элиталық тұқымдарын сатып алу туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 6 сәуірдегі N 836 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен.
Россия федерациясынан дәнді дақылдардың элиталық тұқымдарын сатып алу кезінде қосымша құн салығын төлеу жөнінде туған проблемаларға байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:

1. "Россия федерациясынан дәнді дақылдардың элиталық тұқымдарын сатып алу" туралы облыс әкімінің 2000 жылға 6 сәуірдегі N 836 шешімінің 3 тармағындағы "элиталық тұқымдарды тауарлы астыққа айырбастау" деген сөздер алынып тасталсын. "Элиталық тұқымдарды сатып алу, оны ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне беру және заемдық қаржының облыстық бюджетке қайтарылу механизмі мен шарттары" жаңа редакцияда баяндалсын.

2. 4 тармақ мына редакцияда баяндалсын:

"тұқым сатып алу операцияларын орындауды, оларды ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне тауарлық несие ретiнде беру және заемдық қаржыны депозиттік шот пен облыстық бюджетке қайтару бағдарлама әкімшісі - облыс ауыл шаруашылығы басқармасына жүктелсін.

3. 6 тармақ алынып тасталсын.

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Б.Қалиевқа жүктелсін.

5 Тұқымдарды сатып алудың, тауарлық астықты айырбастаудың, оларды өткізудің және несиелік қаржыны облыстық бюджетке қайтарудың механизмі және шарттары

Облыс әкімінің 2000 жылғы
13 шілдедегі N 876
шешіміне N 1 қосымша
Тұқымдарды сатып алудың, тауарлық астықты
айырбастаудың, оларды өткізудің және несиелік қаржыны облыстық
бюджетке қайтарудың механизмі және шарттары

1. Облыстық бюджет қайтару негізінде Россия Федерациясынан элиталық тұқымдар сатып алуға 30 миллион теңге бөледі.

2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы жабдықтаушымен тұқымдарды сатып алу жөнінде келісім-шарт жасайды, тұқымдарға сараптау жүргізеді.

3. Жабдықтаушы Шемонаиха қаласында дейін тұқымдарды жеткізуді ұйымдастырады.

4. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық Қазынашылық басқармасында валюталық шот ашады және келісім-шарт негізінде тұқым үшін төлем төлейді.

5. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Шемонаиха қаласында жабдықтаушыдан тұқым қабылдайды және шартқа сәйкес оны ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне өсімсіз тауарлық несие түрінде береді. Тұқымдарды әкелу, кедендік ресімдеу, байланыс, уақытша сақтау, мамандардың жол шығындары тұқымның бағасына кіреді.

6. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері тұқым төлемін 2 кезекте жүргізеді:

1) тауар өндіруші тұқым олар алдында оның құнының 1/3 бөлігін төлейді;

2) қалған 2/3 бөлігін астық жинау жұмыстары біткен кезде облыстың ауылшаруашылығы басқармасының депозиттік шотына 2000 жылдың 15 қазанына дейін аударады.

3) Элиталық тұқымның барлық сомасын бірінші кезеңде де төлеуге болады.

7. Депозиттік шотқа түскен ақшаны облыстық ауылшаруашылығы басқармасы 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде облыстық бюджетке аударады. (РНН 180100000010, облыстың Қазынашылық басқармасы, МФО 19001003, е/ш 80500 "Ішкі басқа кредиттеулерді өтеу" төлемінің коды 501509).

8. Тұқымды тасу, оның бағасын анықтау, тұқым төлемі, несиелік қаржыны қайтару барысында туған барлық талас заңда белгіленген тәртіппен шешіледі.

Облыс әкімі аппаратының
басшысы