Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2001 года № 1293

Қаулы · № 124 · қабылданған 24.02.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2001-no-1293/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2001 года № 1293 Күшін жойған Қаулы ·№ 124 ·24.02.2006
14.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2001 года № 1293

Күшін жойған Қаулы ·№ 124 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2001 года № 1293
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
124
Қабылданған күні
24.02.2006
Көрсетілген редакция
14.03.2009 AI26665_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000124_
ЭКБ идентификаторы
26665
Редакция идентификаторы
AI26665_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:53

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 қазандағы N 1293 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 34, 449-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң ережесi:
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың объектiлерiнде және ғимараттарының төбелерiнде тек ведомствоiшiлiк байланыстың радиотаратқыш құралдарының антенналық-фидерлiк құрылғыларын орнатуға жол берiледi.
Мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда орнатылатын радиоэлектрондық құралдар үшiн арнайы бөлiнген техникалық үй-жайлар режимдiк үй-жайлар мен есептеу техникасы құралдары объектiлерiнен кемiнде 10 метр қашықтыққа алыстатылуы тиiс.";
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
"29-1. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда радиоэлектрондық құралдарды орнатуды, оларға техникалық қызмет көрсетудi (жөндеу, профилактикалық жұмыстар), айырбастауды, пайдаланудан алуды осы мемлекеттiк органның, ұйымның мамандандырылған бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Мамандандырылған бөлiмшелер болмаған жағдайда радиоэлектрондық құралдарды орнату, оларға техникалық қызмет көрсету (жөндеу, профилактикалық жұмыстар), айырбастау, пайдаланудан алу жөнiндегi жұмыстарды орындаушы ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiседi.";
30-тармақтағы "29" деген сандар "29-1" деген сандармен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы