О внесении дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 6 июня 2003 года N 149-ОД "Об утверждении Правил закупок субъектами естественных монополий материальных, финансовых ресурсов и услуг, затраты на которые учитываются при формировании тарифов (цен, ставок сборов) на оказываемые ими услуги", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июня 2003 года за N 2373
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 6 июня 2003 года N 149-ОД "Об утверждении Правил закупок субъектами естественных монополий материальных, финансовых ресурсов и услуг, затраты на которые учитываются при формировании тарифов (цен, ставок сборов) на оказываемые ими услуги", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июня 2003 года за N 2373
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда N 2373 нөмірмен тіркелген "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына толықтыру енгіз
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 99-ОД
- Қабылданған күні
- 02.03.2004
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2012 AI19193_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002772_
- ЭКБ идентификаторы
- 19193
- Редакция идентификаторы
- AI19193_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:24
0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда N 2373 нөмірмен тіркелген "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда N 2373 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 19 шілдедегі N 29 жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 4(161) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесінің 4-1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Табиғи монополиялар субъектісі сатып алатын, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізудің уәкілетті органмен келісілген мерзімі он бес күннен аспауға тиіс.".