О внесении дополнения и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 6 июня 2003 года N 149-ОД "Об утверждении Правил закупок субъектами естественных монополий товаров, работ и услуг, затраты на которые учитываются при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней и тарифных смет на регулируемые услуги"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 6 июня 2003 года N 149-ОД "Об утверждении Правил закупок субъектами естественных монополий товаров, работ и услуг, затраты на которые учитываются при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней и тарифных смет на регулируемые услуги"
- Атауы (қаз.)
- "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары реттелiп көрсетiлетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 63-ОД
- Қабылданған күні
- 03.03.2006
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2012 AI26822_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004123_
- ЭКБ идентификаторы
- 26822
- Редакция идентификаторы
- AI26822_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:50
0
"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары реттелiп көрсетiлетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-4-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 11-тармағының 15) тармақшасына және 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2373 нөмiрмен тiркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 19 шiлдедегi N 29 жарияланған, өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 374-НҚ бұйрығымен енгiзiлген) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң шығындары реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерi мен тарифтiк сметалар бекiту кезiнде ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесiнде:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөнiндегi тендерлерге қатысуға құқылы.";
33-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушiнiң салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналар мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;";
53-тармақта "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын.