О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 6 июня 2003 № 149-ОД "Об утверждении Правил закупок субъектами естественных монополий товаров, работ и услуг, затраты на которые учитываются при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней и тарифных смет на регулируемые услуги"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 6 июня 2003 № 149-ОД "Об утверждении Правил закупок субъектами естественных монополий товаров, работ и услуг, затраты на которые учитываются при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) или их предельных уровней и тарифных смет на регулируемые услуги"
- Атауы (қаз.)
- "Табиғи монополиялар субъектілерінің шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 374-ОД
- Қабылданған күні
- 28.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2012 AI26320_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050004014_
- ЭКБ идентификаторы
- 26320
- Редакция идентификаторы
- AI26320_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:04
0
"Табиғи монополиялар субъектілерінің шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-4-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 15) тармақшасына және 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2373 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 19 шілдедегі N 29 жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің шығындары реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлері мен тарифтік сметалар бекіту кезінде ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесiнде:
1-тармақтың 8) тармақшасында "мерзімдерін," деген сөзден кейін "сатып алу тәсілдерін," деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "1 қаңтарға" деген сөздер "31 желтоқсанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген Тапсырыс беруші өткізетін тендерге (лотқа) Тапсырыс берушінің екі және одан көп аффилиирленген тұлғасының қатысуға құқығы жоқ.";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің рыногында кемінде бір жыл кәсіби біліктілігіне, сондай-ақ жұмыс тәжірибесіне ие болуға тиіс. Сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің рыногында жұмыс тәжірибесінің болу қажеттілігі туралы талаптар шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне және мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдарына қолданылмайды;";
17-тармақтың 2) тармақшасындағы "атауы" деген сөзден кейін "(сатып алудың атауы Тізбеде көрсетілген сатып алудың атауына сәйкес келуге тиіс)" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтың 8) тармақшасындағы:
"он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
"конкурс" деген сөз "тендер" деген сөзбен ауыстырылсын;
33-тармақтың 2) тармақшасындағы:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бірінші басшы немесе оның орнын алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;";
бесінші абзацтағы "аудиторлық есебiн" деген сөздер "аудиторлық есебінің түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзац ", не конверттерді ашу күнінің алдындағы 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген акциялар ұстаушыларының тізілімінен нотариалды куәландырылған көшірмесін;" сөздермен толықтырылсын;
51-1-тармақ алынып тасталсын;
55-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Тапсырыс беруші тендер қорытындыларын шығарған күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға көшірмелерін ұсынады:";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы тендерге қатысқан ықтимал өнім берушілерінің тендерлік өтінімдері;";
56-тармақта:
10) тармақшадағы "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) егер конкурс өткен жағдайда, онда Тапсырыс беруші Тізбеде көзделген осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлген сома.";
65-тармақтағы "екі" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын, "бір" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
68-тармақтың 1) тармақшасындағы "рынок субъектісінде ғана болады" деген сөздерден кейін "немесе қандай да бір нақты ықтимал өнім беруші осы тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге баламасы болмаған жағдайда ерекше құқыққа ие болады" деген сөздермен толықтырылсын;
72-тармақтағы "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
73-тармақта:
"Конкурстың" деген сөз "Тендердің" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Тапсырыс беруші тендер жеңімпазымен сатып алу шартын жасасқан күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға осы шарттың көшірмесін ұсынады.".
2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті
(Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: