О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 6 мая 2003 года № 184 "Об утверждении Перечня и порядка применения технических средств таможенного контроля"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 6 мая 2003 года № 184 "Об утверждении Перечня и порядка применения технических средств таможенного контроля"
- Атауы (қаз.)
- "Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізілімі мен қолдану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 мамырдағы № 184 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 188
- Қабылданған күні
- 23.05.2006
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2010 AI28290_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004248_
- ЭКБ идентификаторы
- 28290
- Редакция идентификаторы
- AI28290_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:24
0 "Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізілімі мен қолдану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 мамырдағы N 184 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 473-бабына сәйкес, "Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысын орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізілімі мен қолдану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 мамырдағы N 184 бұйрығына , Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-Министрі - Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2340 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 жылғы N 37-40, 1010-құжат жарияланған), мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізілімі мен қолдану тәртібінде:
1-тармақта "472" деген сан "473" саны мен ауыстырылсын;
5-тармақтың 4) тармақшасында:
оныншы абзацтағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"озонды бұзатын заттарды бірдейлендіру құралдары.";
6-тармақтың 4) тармақшасында:
алтыншы абзацтағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"тауарлар мен көлік құралдарды тексеру кезінде озонды бұзатын заттарды анықтау үшін бірдейлендіру құралдар, детекторлар және хладагенттер талдағыштар қолданады.".