Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в Правила осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 6 мая 2004 года № 3С-8/2

Ереже · № 4С-18/2 · қабылданған 25.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2004-no-3-82/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в Правила осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 6 мая 2004 года № 3С-8/2 Күшін жойған Ереже ·№ 4С-18/2 ·25.06.2009
10.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в Правила осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 6 мая 2004 года № 3С-8/2

Күшін жойған Ереже ·№ 4С-18/2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в Правила осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 6 мая 2004 года № 3С-8/2
Атауы (қаз.)
Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/25 шешімімен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне толықтырулар туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4С-18/2
Қабылданған күні
25.06.2009
Көрсетілген редакция
10.02.2010 46995_201968.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BG000086
ЭКБ идентификаторы
46995
Редакция идентификаторы
46995_201968
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:52

0 Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/25 шешімімен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне толықтырулар туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес және Бұланды ауданы әкімдігінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2556 тіркелген, 2004 жылғы 02 шілдедегі «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған және кейін:
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2816 тіркелген, 2004 жылғы 15 қазандағы «Вести Бұланды жаршысы» газетінің № 42 санында жарияланған, «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 21 қыркүйектегі № 3С-13/5 шешіммен; нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3063 тіркелген, 2005 жылғы 18 наурыздағы «Бұланды жаршысы» газетінің № 12 санында жарияланған, «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 3С-17/2 шешіммен;
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-52 тіркелген, 2007 жылғы 19 қазандағы «Бұланды таңы» газетінің № 14, 2007 жылғы 19 қазандағы «Вести Бұланды жаршысы» газетінің № 42 санында жарияланған, «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 4С-3/2 шешіммен;
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-64 тіркелген, 2008 жылғы 18 сәуірдегі «Бұланды таңы» газетінің № 16, 2008 жылғы 18 сәуірдегі «Вести Бұланды жаршысы» газетінің № 16 санында жарияланған, «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 14 наурыздағы № 4С-7/13 шешіммен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесі толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ келесі мазмұндағы 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) концлагерьлердің тұтқындары.»;
келесі мазмұндағы 9-7 тармақпен толықтырылсын:
«9-7. 4-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген адамдарға «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесі ұсынған тізімнің негізінде концлагерь тұтқындарының жеке шоттарына аудару арқылы аудандық бюджет есебінен коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленсін.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

3 3. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

4 4. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Бұланды ауданының әкімі Е. Нұғыманов
«Бұланды аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы К. Есмағамбетова

Қолданыстағы