О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 6 декабря 2004 года № 472-ОД "Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественной монополий, оказывающих услуги магистральной железнодорожной сети и подъездных путей"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 6 декабря 2004 года № 472-ОД "Об утверждении Инструкции по расчету ставки прибыли на регулируемую базу задействованных активов субъектов естественной монополий, оказывающих услуги магистральной железнодорожной сети и подъездных путей"
- Атауы (қаз.)
- "Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 472-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 331-ОД
- Қабылданған күні
- 29.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2020 55962_485485.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006669
- ЭКБ идентификаторы
- 55962
- Редакция идентификаторы
- 55962_485485
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:51
0
"Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 472-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 472-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3300, «Ресми газеті» газетінде 2005 жылғы 22 қаңтарда № 4 (213) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықта:
13-тармақта:
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«rf - тәуекелсіз ставка Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасының деңгейіне тең қабылданады.»;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2 2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1 1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарының, «Резерв», «Қолдау» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы», «Көлік сервис орталығы», «Қазвторчермет», «Теміржол жөндеу», «Досжан темір жолы» акционерлік қоғамдарының, «Батыс Транзит ХХІ век», «Жол жөндеуші» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің назарына жеткізсін.