О признании утратившим силу совместного приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 6 апреля 2004 года № 91, Министра образования и науки Республики Казахстан от 6 апреля 2004 года № 290, Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 6 апреля 2004 года № 79 и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 6 апреля 2004 года № 79 «Об утверждении Инструкции по применению методов оценки интеллектуальной собственности при внедрении научных исследований, а также при в
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу совместного приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 6 апреля 2004 года № 91, Министра образования и науки Республики Казахстан от 6 апреля 2004 года № 290, Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 6 апреля 2004 года № 79 и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 6 апреля 2004 года № 79 «Об утверждении Инструкции по применению методов оценки интеллектуальной собственности при внедрении научных исследований, а также при в
- Атауы (қаз.)
- «Ғылыми зерттеулердi енгiзу, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына зияткерлiк меншiктi кiргiзу, оның iшiнде венчурлық өндiрiстi ұйымдастыру кезiнде зияткерлік меншікті бағалау әдістерін қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 91, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 290, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 79, Қазақстан Республи
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 438
- Қабылданған күні
- 03.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2015 93881_27254.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15H0000438
- ЭКБ идентификаторы
- 93881
- Редакция идентификаторы
- 93881_27254
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:14
0 «Ғылыми зерттеулердi енгiзу, сондай-ақ заңды
тұлғалардың жарғылық капиталдарына
зияткерлiк меншiктi кiргiзу, оның iшiнде
венчурлық өндiрiстi ұйымдастыру кезiнде
зияткерлік меншікті бағалау әдістерін қолдану
жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы
6 сәуірдегі № 91, Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы
6 сәуірдегі № 290, Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің 2004 жылғы
6 сәуірдегі № 79, Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералды ресурстар министрінің
2004 жылғы 6 сәуірдегі № 79 бірлескен бұйрығының
күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1- бабының 1- тармағына сәйкес БҰЙРАМЫЗ:
1. «Ғылыми зерттеулердi енгiзу, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына зияткерлiк меншiктi кiргiзу, оның iшiнде венчурлық өндiрiстi ұйымдастыру кезiнде зияткерлік меншікті бағалау әдістерін қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2004 жылғы 6 сәуірдегі № 91, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 290, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 79, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі № 79 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 12 мамырда № 2844 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 46 (566) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е.Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы С. Е. Жолдасбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрыққол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
___________ Б.Имашев
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
___________ А.Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және дамуминистрі
___________ Ә.Исекешев
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
___________ В.Школьник