Құжат мәтініне өту

О6 организации приема и обустройства оралманов, прибывающих в Жамбылскую область по квоте иммиграции на 2005-2007 годы

Қаулы · № 100 · қабылданған 31.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2005-2007/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О6 организации приема и обустройства оралманов, прибывающих в Жамбылскую область по квоте иммиграции на 2005-2007 годы Күшін жойған Қаулы ·№ 100 ·31.03.2005
25.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О6 организации приема и обустройства оралманов, прибывающих в Жамбылскую область по квоте иммиграции на 2005-2007 годы

Күшін жойған Қаулы ·№ 100 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О6 организации приема и обустройства оралманов, прибывающих в Жамбылскую область по квоте иммиграции на 2005-2007 годы
Атауы (қаз.)
2005-2007 жылдарға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
100
Қабылданған күні
31.03.2005
Көрсетілген редакция
25.12.2008 23704_190540.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05G0001613
ЭКБ идентификаторы
23704
Редакция идентификаторы
23704_190540
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:57

0 2005-2007 жылдарға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы "Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" N 1508
Жарлығын
орындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығын іске асыру туралы" N 192
қаулысын
іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
негізінде облыс әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2005-2007 жылдарға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша облысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, ТМД-ның басқа елдерінен келетін оралмандар отбасылары Тараз қаласы мен облыстың аудандарына орналастырылсын.

2

2. Көші-қон комитетінің облыс бойынша басқармасы (Қ.Ж. Тоқтағұлов) (келісімі бойынша) оралмандарды қабылдауды, оларға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес үй-жай алуға, біржолғы жәрдемақылар төлеуге және көлік шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен төлемдер төлеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

3

3. Аудандар мен Тараз қаласы әкімдері, облыс әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Д.Қарабалаев) оралмандар отбасыларын елді мекендерге орналастыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда оларға тұрғын үй салу және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін жер телімдерін бөлсін, оралмандарды еңбек рыногындағы сұранысқа ие мамандықтарға даярлау мен қайта даярлауды, еңбекке жарамдыларын жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.

4

4. Облыстың ішкі істер басқармасы (С.Т. Күнғожинов) оралмандарды қабылдау кезінде, жол жүріп келе жатқанда және облыс аумағындағы тұрғылықты жерінде олардың жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігін, заңда белгіленген тәртіппен уақтылы тіркеуді және орналасқан жерінде тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға рұқсат беретін қажетті құжаттардың берілуін қамтамасыз ету (келісімі бойынша) ұсынылсын.

5

5. Облыс әкімиятының білім департаменті (Д.И. Әбдірайымов) оралмандар балаларының шетелде алған білімі туралы құжаттарын зерделеуді жолға қойсын, қажет болған жағдайда олардың білімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін оларды қысқартылған мерзімді өтпелі оқу жоспарлары бойынша қосымша оқытуды ұйымдастырсын.

6

6. Облыс әкімиятының денсаулық сақтау департаменті (К.Б.Құралбаев), облыс әкімиятының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Б.Қ.Жетібаев) көшіп келген оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей жалпы негізде медициналық тексерілуін және науқастарының емделуін қамтамасыз етсін.

7

7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыс бойынша департаменті (А.М.Тұрысов) және Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың облыстық филиалы (Б.Б.Нұрымбетов) (келісімдері бойынша) облыс әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен (А.Д.Қарабалаев) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен ережелеріне, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес көшіп келген оралмандарға зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі мәселелерді шешсін.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсін.

Қолданыстағы