О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» и от 3 апреля 2008 года № 316 «О некоторых вопросах сотрудничества с Международным консультативным комитетом по хлопку»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» и от 3 апреля 2008 года № 316 «О некоторых вопросах сотрудничества с Международным консультативным комитетом по хлопку»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және «Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетпен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 316 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 159
- Қабылданған күні
- 19.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2021 153773_516033.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000159
- ЭКБ идентификаторы
- 153773
- Редакция идентификаторы
- 153773_516033
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:07
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және «Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетпен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 316 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 62-1), 62-2), 62-3) және 95-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«62-1) астық нарығы жөніндегі операторды айқындайды;
62-2) астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
62-3) астық нарығы жөніндегі оператордың астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығыстарын өтейді;»;
«95-5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімге арналған техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
38), 88) және 91) тармақшалар алып тасталсын;
170) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183), 184), 393), 394), 395), 396), 397), 398), 399), 400), 401), 402), 403), 404), 404-1) және 404-2) тармақшалар алып тасталсын;
17-тармақтың 1-2) тармақшасы алып тасталсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппаратын Министр лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын аппарат басшысы басқарады.»;
2 2) «Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетпен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 316 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ 1972 жылғы 16 маусымда қабылданған (1987 жылғы қазандағы түзетулермен) Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитеттің нормалары мен қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».