Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қаулы · № 729 · қабылданған 22.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2005-no-310-ekb-171963/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 729 ·22.09.2022
22.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 729 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
729
Қабылданған күні
22.09.2022
Көрсетілген редакция
22.09.2022 171963_592935.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000729
ЭКБ идентификаторы
171963
Редакция идентификаторы
171963_592935
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:52

0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
178) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«178) ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
195) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«195) карантиндік фитосанитариялық талаптарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірлейді және бекітеді;»;
212) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«212) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидалары негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына, халықаралық нормалар мен ұсынымдарға сәйкес биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін ескере отырып, карантиндік фитосанитариялық шараларды әзiрлейдi, жеке және заңды тұлғалардың оларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 508-1), 508-2), 508-3), 508-4), 508-5), 508-6), 508-7), 508-8), 508-9), 508-10), 508-11), 508-12), 508-13), 508-14), 508-15), 508-16), 508-17), 508-18), 508-19) және 508-20) тармақшалармен толықтырылсын:
«508-1) өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
508-3) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерлердің тәуекелдеріне алып келетін жағдайлар туралы хабар береді;
508-4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) береді;
508-5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келіседі;
508-6) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлейді және бекітеді;
508-7) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады;
508-8) патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады;
508-9) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады;
508-10) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
508-11) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-12) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
508-13) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
508-14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
508-15) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды жүзеге асырады;
508-16) коллекциялық қызметті есепке алуды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
508-17) референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
508-18) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың қызметін бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
508-19) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады;
508-20) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады;».

2 2. Осы қаулы 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы