О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 811
- Қабылданған күні
- 30.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2024 201213_722258.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000811
- ЭКБ идентификаторы
- 201213
- Редакция идентификаторы
- 201213_722258
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:26
0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) органикалық өнім өндірісі және айналымы;»;
15-тармақта:
4) тармақшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«органикалық өнім өндірісі және айналымы;»;
52) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығыстардың бір бөлігін;»;
350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«350) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;
352) және 353) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«352) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
353) органикалық өнім өндіру кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;
354) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 354-1), 354-2), 354-3) және 354-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«354-1) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізеді;
354-2) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
354-3) органикалық өнімді есепке алу және қадағалау жүйесін жүргізеді;
354-4) органикалық өнім өндірушілерге ақпараттық, ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетуді ұйымдастырады;»;
508) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«508) сәйкестікті растау жөніндегі органдар беретін деректер негізінде органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізеді;».