О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 04.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2025 208871_750870.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000210
- ЭКБ идентификаторы
- 208871
- Редакция идентификаторы
- 208871_750870
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:11
0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәлімет береді;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мыналардың:
агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;
азық-түлік тауарларының;
азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің;
тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілетін биржалық тауарлармен сауда-саттықтың мониторингін жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;
13-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;».