Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қаулы · № 949 · қабылданған 25.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2005-no-310-ekb-95916/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 949 ·25.11.2015
25.11.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 949 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
949
Қабылданған күні
25.11.2015
Көрсетілген редакция
25.11.2015 95916_86663.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000949
ЭКБ идентификаторы
95916
Редакция идентификаторы
95916_86663
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:27

0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы

6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы

6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
170) тармақшаның он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын;»;
мынадай мазмұндағы 404-1) және 404-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«404-1) мақта нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асырады;
404-2) шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
17-тармақта:
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады, ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады және сұрау салу бойынша оны мүдделi адамдарға бередi;»;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) уәкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы